HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide
Жылдам орнату жасау
●
Кіріспе
●
Бірінші қадам: HP ендірілген веб-серверіне (EWS) өту
●
Екінші қадам: Жылдам орнатулар қосу және басқару
Кіріспе
Жылдам орнатулар принтердің басқару тақтасындағы Басты экраннан немесе Жылдам орнатулар
мүмкіндігінен қол жетімді қысқартылған тапсырмалар және негізгі қолданба үшін орнатылған әдепкі
параметрлерге әсер етпейді. Принтердің басқару тақтасында Жылдам орнату түймесін пайдалану үшін,
негізгі қолданбаны қосыңыз.
Тапсырманың мұқияттылығын жетілдіру және тапсырманы аяқтау уақытын азайту үшін мына негізгі
қолданбалар үшін жылдам орнатуларды жасаңыз:
●
Email (Электрондық пошта) — электрондық пошта тіркемелері ретінде электрондық пошта арқылы
принтер тапсырмаларын жіберу үшін жалпы пайдаланылатын параметрлерді реттеу және сақтау
үшін электрондық поштаның Жылдам орнатуларын пайдаланыңыз.
●
Fax (Факс) — факс тапсырмаларын жіберу үшін жалпы пайдаланылатын параметрлерді реттеу және
сақтау үшін электрондық поштаның Жылдам орнатуларын пайдаланыңыз.
●
Save to Network Folder (Желі қалтасына сақтау) — желі қалтасына тапсырма сақтауға жалпы
пайдаланылатын параметрлерді реттеу және сақтау үшін Желі қалтасына сақтау жылдам
орнатуларын пайдаланыңыз.
●
Save to USB (USB құрылғысына сақтау) — USB құрылғысына тапсырма сақтауға жалпы
пайдаланылатын параметрлерді реттеу және сақтау үшін USB құрылғысына сақтау жылдам
орнатуларын пайдаланыңыз.
●
Copy (Көшіру) (тек MFP) — Көшіру тапсырмаларын жіберу үшін жалпы пайдаланылатын
параметрлерді реттеу және сақтау үшін көшіру Жылдам орнатуларын пайдаланыңыз.
●
Save to SharePoint® (SharePoint® қызметіне сақтау) (тек Flow үлгілері) — SharePoint сайтына тапсырма
сақтауға жалпы пайдаланылатын параметрлерді реттеу және сақтау үшін SharePoint сайтына сақтау
жылдам орнатуларын пайдаланыңыз.
Жылдам орнатудан таңдаған соң дерек тапсырманы бастау немесе тапсырманы бастамас бұрын суретті
алдын ала қарауды талап ету сияқты әртүрлі тапсырма параметрлерінен таңдаңыз.
Бірінші қадам: HP ендірілген веб-серверіне (EWS) өту
1. IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін, принтердің басқару панеліндегі негізгі экранында
Ақпарат белгішесін
, одан кейін Желі
белгішесін түртіңіз.
2. Веб
-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің
басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы
Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб
-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін хабарды
береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге зақым
келтірмейді.
KKWW Жылдам орнату жасау 131










