HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide
Сканерленген құжатты бір немесе бірнеше электрондық пошта
мекенжайларына жіберу
Кіріспе
Принтердің құжатты сканерлеп, бір немесе бірнеше электрондық пошталарға жіберу мүмкіндігі бар. Бұл
мүмкіндікті пайдаланбастан бұрын оны қосу және реттеу үшін HP ендірілген веб-серверін пайдаланыңыз.
Құжатты сканерлеу және электрондық поштаға жіберу
1. Сканер шынысына құжаттың бетін төмен қаратып қойыңыз немесе құжат беру құралына бетін
жоғары қаратып салыңыз және қағаз бағыттауыштарын құжаттың өлшеміне шақ келетін етіп
реттеңіз.
2. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Scan (Сканерлеу) опциясын басып, Scan to Email
(Электрондық поштаға сканерлеу) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Нұсқау берілсе, пайдаланушы аты мен құпия сөзді енгізіңіз.
3. Пернетақтаны ашу үшін Алушы жолағын түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер принтерге кірген болсаңыз, From (Кімнен) жолағында пайдаланушы атыңыз немесе
басқа әдепкі ақпарат көрсетілуі мүмкін. Солай болса, оны өзгерте алмауыңыз мүмкін.
4. Келесі әдістердің біреуі арқылы алушыларды көрсетіңіз:
Мекенжайларды қолмен енгізу
▲
Мекенжайды To (Кімге) жолағына енгізіңіз. Бірнеше мекенжайға жіберу үшін мекенжайларды
нүктелі үтірмен бөліңіз немесе әр мекенжайды енгізгеннен кейін сенсорлы экран
пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз.
Мекенжайларды Контактілер тізімінен енгізу
а. Contacts (Контактілер) терезесін ашу үшін To (Кімге) жолының жанындағы Contacts (Контактілер)
түймесін түртіңіз.
ә. Ашылмалы тізімінен сәйкес контакт тізімін таңдаңыз.
б. Алушылар тізіміне қосу үшін контактілер тізімінен атты таңдаңыз. Әр алушы үшін осы қадамды
қайталаңыз да, Done (Орындалды) түймешігін түртіңіз.
5. Жолақтарды түрту және сенсорлы экран пернетақтасын пайдаланып ақпаратты енгізу арқылы
Subject (Тақырыбы) және File Name (Файл атауы) жолақтарын толтырыңыз. Жолақтарды толтырып
болғанда, Done (Дайын) түймесін түртіңіз.
6. Құжат параметрлерін реттеу үшін Options (Опциялар) түймешігін түртіңіз. Мысалы:
●
Жасалатын файл түрін, ажыратымдылықты және шығыс сапасын көрсету үшін, File Type and
Resolution (Файл түрі және ажыратымдылық) параметрін таңдаңыз.
●
Егер түпнұсқалық құжат екі жақта басып шығарылатын болса, Original Sides (Түпнұсқалық
жақтар) параметрін, одан кейін 2 Sided (2 жақты) опциясын таңдаңыз.
7. Алдын ала қарау мүмкіндігін пайдаланбастан бұрын сары үшбұрышпен таңбаланған опцияларды
орнатыңыз.
142 6-тарау Сканерлеу KKWW










