HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide
Сканерлеу және USB флэш-жадына сканерлеу
Кіріспе
Принтер файлды сканерлеп, оны USB жадындағы қалтаға сақтай алады. Бұл мүмкіндік пайдаланбастан
бұрын оны қосу және конфигурациялау үшін HP ендірілген веб-серверін пайдаланыңыз.
Құжатты сканерлеу және USB флэш-жадына сақтау
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін сіздің принтерге кіруіңіз қажет болуы мүмкін.
1. Құжатты бетін төмен қаратып сканер әйнегіне қойып немесе құжатты беру құрылғсына бетін жоғары
қаратып салып, құжаттың өлшеміне сәйкестендіру үшін қағаз бағыттағыштарын сәйкестендіріңіз.
2. USB флеш-жадын принтердің басқару панеліндегі USB портына салыңыз.
3. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Scan (Сканерлеу) басып, Scan to USB Drive (USB
құрылғысына сканерлеу) параметрін таңдаңыз.
4. Save As... (Басқаша сақтау) тізімінен флэш-жадты таңдаңыз. Файлды USB флэш-жадының негізгі
қалтасына сақтауға немесе бұрыннан бар қалтаға сақтауға болады.
5. Пернетақтаны ашу үшін File Name (Файл атауы) мәтін жолағын түртіп, файл атауын енгіңіз де, Enter
(Енгізу) түймесін түртіңіз.
6. Құжат параметрлерін реттеу үшін Options (Опциялар) түймешігін түртіңіз. Мысалы:
●
Жасалатын файл түрін, ажыратымдылықты және шығыс сапасын көрсету үшін, File Type and
Resolution (Файл түрі және ажыратымдылық) параметрін таңдаңыз.
●
Егер түпнұсқалық құжат екі жақта басып шығарылатын болса, Original Sides (Түпнұсқалық
жақтар) параметрін, одан кейін 2 Sided (2 жақты) опциясын таңдаңыз.
7. Алдын ала қарау мүмкіндігін пайдаланбастан бұрын сары үшбұрышпен таңбаланған опцияларды
орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Алдын ала сканерлеуден кейін бұл опциялар негізгі Options (Опциялар) тізімінен
жойылады және Pre-scan Options (Алдын ала сканерлеу опциялары) тізімінде жинақталады. Бұл
опциялардың кез келгенін өзгерту үшін, алдын ала қарауды алып мүмкіндігін өшіріп, қайтадан
бастаңыз.
Алдына ала қарау мүмкіндігін пайдалану - қосымша.
8. Құжатты алдын ала қарау үшін экранның оң жақ аймағын түртіңіз. Алдын ала қарау экранында
алдын ала қарау опцияларын реттеу және беттерді айналдыру, қайта реттеу, енгізу немесе жою үшін
экранның оң жақ аймағындағы түймелерді пайдаланыңыз.
Бұл түймелерді нобай көрінісі мен бір беттік көрініс арасында ауысу үшін пайдаланыңыз. Бір
беттік көрініспен салыстырғанда нобай көрінісіндегі қолжетімді опциялар көбірек.
KKWW Сканерлеу және USB флэш-жадына сканерлеу 147










