HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide

мәтінді өңдеу бағдарламасында ашуға болады. Түпнұсқаның пішімдеуі бұл опцияны
пайдаланып сақталмайды.
Unicode Text (OCR) (Unicode мәтіні (OCR)): Юникод мәтіні (OCR) — мәтінді үйлесімді көрсету
және өзгерту үшін пайдаланылатын салалық стандарт. Бұл файл түрі халықаралық ету
және локализациялау үшін пайдалы.
RTF (OCR): RTF (OCR) — түпнұсқаны сканерлеу үшін таңбаларды оптикалық тануды (OCR)
пайдалана отырып RTF файлын жасайды. RTF — мәтінді өңдеу бағдарламаларының
көпшілігі арқылы ашуға болатын баламалы мәтін пішімі. Бұл опцияны пайдаланғанда,
түпнұсқаның біраз пішімдеуі сақталады.
Searchable PDF (OCR) (Іздеуге болатын PDF (OCR)): іздеуге болатын PDF (OCR) — түпнұсқаны
сканерлеу үшін таңбаларды оптикалық тануды (OCR) пайдалана отырып іздеуге болатын
PDF файлын жасайды. Құжат осылайша сканерленгенде, PDF файлында белгілі бір сөздерді
немесе сөз тіркестерін іздеу үшін Adobe Acrobat® Reader бағдарламасының іздеу құралдарын
пайдаланыңыз.
Searchable PDF/A (OCR) (Іздеуге болатын PDF/A (OCR)): іздеуге болатын PDF/A (OCR) —
мазмұнды іздеуге мүмкіндік беретін құжат құрылымы туралы ақпаратты қамтитын PDF/A
файлының түрі.
HTML (OCR): HTML (OCR) бастапқы құжаттың мазмұнын қамтитын HTML файлын жасайды.
HTML файлдарды веб-беттерде көрсету үшін пайдаланылады.
CSV (OCR): CSV (OCR) — үтір бөлгіштері бар мәндерді қамтитын жалпы мәтіндік файл пішімі.
Бұл файл түрін мәтінді өңдеу, электрондық кесте немесе дерекқор бағдарламаларының
көпшілігі арқылы ашуға болады.
DSS серверіне қосылған MFP принтерлерінде сандық жіберу тапсырмаларының келесі OCR файл
түрлеріне қолдау көрсетіледі:
XML (OCR): СИПАТТАМА ҚАЖЕТ.
Searchable XPS (OCR) (Іздеуге болатын PDF/A (OCR)): СИПАТТАМА ҚАЖЕТ.
Бастапқы жақтар Бастапқы құжаттың бір жағына немесе екі жағына басып шығарылатынын көрсетіңіз.
Түсті/қара
Тек түсті принтерлер үшін.
Сканерленген кескіннің түрлі-түсті, қара және сұр немесе тек қара түсті болып басып
шығарылатынын көрсетіңіз.
Сканерлеу режимі
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндік
барлық микробағдарлама
нұсқалары үшін қолжетімсіз.
Бұл мүмкіндікті қолдану үшін
принтердің
микробағдарламасын жаңарту
керек болуы мүмкін.
Standard Document (Стандартты құжат): құжат беру құралы арқылы жекелей тегіс әйнек үстінде
бетті немесе беттер жинағын сканерлеңіз.
Book Mode (Кітап режимі): ашық бетті сканерле және кітаптың әрбір бетін бөлек беттер ретінде
басып шығар.
2-sided ID Copy (2 жақты жеке куәлікті көшіру): тегіс әйнекте жеке куәліктің екі жағын сканерлеп,
оларды бір бетте басып шығарыңыз. Бірінші жағын сканерлегеннен кейін принтер екінші жағын
әйнекке дұрыс орналастыруға кеңес береді.
Ажыратымдылық Сканерленетін кескіндердің ажыратымдылығын көрсетіңіз. Кескіннің айқындығын арттыру үшін
жоғарырақ бір ажыратымдылықты таңдаңыз. Дегенмен ажыратымдылық артқанда, файлдың
өлшемі де артады.
Бастапқы өлшем Бастапқы құжаттың бет өлшемін көрсетіңіз.
Мазмұн бағдары Бастапқы құжаттың портреттік немесе альбомдық бағдарда басып шығарылатынын көрсетіңіз.
150 6-тарау Сканерлеу KKWW