HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide
Факс параметрлерін орнату
Кіріспе
Бұл ақпарат факске және ағындық модельдерге немесе қосымша аналогтық факс қосалқы құралы
орнатылған басқа принтерлерге арналады. Жалғастырмастан бұрын, принтерді телефон желісіне
(аналогтық факс үшін) немесе интернетке не желілік факс қызметіне қосыңыз.
Принтердің басқару панелін пайдалана отырып факсты орнатыңыз
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірі көрсетілгенге дейін
сырғыта беріңіз. Мәзірді ашу үшін Settings (Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Факс
●
Ішкі факс модемін орнату
ЕСКЕРТПЕ: Егер мәзір тізімінде Internal Fax Modem Setup (Ішкі факс модемін орнату) мәзірі
пайда болмаса, жергілікті желі немесе интернет факсы қосулы болуы мүмкін. Жергілікті желі
немесе интернет факсы қосулы кезде, аналогтық факс жабдығы өшіріледі және Internal Fax
Modem Setup (Ішкі факс модемін орнату) мәзірі көрсетілмейді. Бір уақытта тек бір факс
мүмкіндігін қосуға болады, жергілікті факс, аналогтық факс немесе интернет факсы. Жергілікті
желі факсы қосу болған кезде аналогтық факсты пайдалану үшін жергілікті желі факсын өшіру
үшін HP ендірілген веб-серверін пайдаланыңыз.
3. Экранның оң жағындағы тізімнен аймақты таңдап, Next (Келесі) түймесін басыңыз.
4. Company Name (Компания аты) мәтін жолағын түртіп, компанияның атын енгізу үшін пернетақтаны
пайдаланыңыз.
5. Fax Number (Факс нөмірі) мәтін жолағын түртіп, жіберетін факс нөмірін енгізу үшін пернетақтаны
пайдаланыңыз. Next (Келесі) түймесін басыңыз.
6. Күн мен уақыт параметрлерінің дұрыстығын растаңыз. Қажетті өзгерістерді енгізіп, Next (Келесі)
түймесін басыңыз.
7. Егер факс жіберу үшін кодтық префикс талап етілсе, Dialing Prex (Кодтық префикс) мәтін жолағын
басып, санды енгізу үшін пернетақтаны пайдаланыңыз.
8. Сол жақ аймақтағы барлық ақпаратты оқығаннан кейін факсты орнатуды аяқтау үшін Finish (Аяқтау)
түймесін басыңыз.
156 7-тарау Факс KKWW










