HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide
Факс жіберу
1. Құжатты сканер шынысына бетін төмен қаратып қойыңыз немесе оны құжат бергішке бетін жоғары
қаратып қойыңыз және қағаз бағыттауыштарын құжат өлшеміне сәйкес реттеңіз.
2. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Scan (Сканерлеу) опциясын басып, Scan to Fax (Факске
сканерлеу) тармағын таңдаңыз. Сізден пайдаланушы аты мен құпия сөзді енгізу сұралуы мүмкін.
3. Келесі әдістердің біреуі арқылы алушыларды көрсетіңіз:
Алушыларды қолмен енгізу
▲
Fax Recipients (Факс алушылар) мәтін жолағын түртіп, факс нөмірін енгізу үшін пернетақтаны
пайдаланыңыз. Бірнеше мекенжайға жіберу үшін мекенжайларды нүктелі үтірмен бөліңіз
немесе әр мекенжайды енгізгеннен кейін сенсорлы экран пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз.
Алушыларды Контактілер тізімінен енгізу
а. Contacts (Контактілер) экранын ашу үшін Fax Recipients (Факс алушылар) жолағының
жанындағы Контактілер түймесін басыңыз.
ә. Ашылмалы тізімінен сәйкес контакт тізімін таңдаңыз.
б. Алушылар тізіміне қосу үшін контактілер тізімінен атты таңдаңыз. Әр алушы үшін осы қадамды
қайталаңыз да, Done (Орындалды) түймешігін түртіңіз.
4. Құжат параметрлерін реттеу үшін Options (Опциялар) түймешігін түртіңіз. Мысалы:
●
Факс үшін ажыратымдылықты орнату үшін Resolution (Ажыратымдылық) түймесін басыңыз.
●
Егер түпнұсқалық құжат екі жақта басып шығарылатын болса, Original Sides (Түпнұсқалық
жақтар) параметрін, одан кейін 2 Sided (2 жақты) опциясын таңдаңыз.
5. Алдын ала қарау мүмкіндігін пайдаланбастан бұрын сары үшбұрышпен таңбаланған опцияларды
орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Алдын ала сканерлеуден кейін бұл опциялар негізгі Options (Опциялар) тізімінен
жойылады және Pre-scan Options (Алдын ала сканерлеу опциялары) тізімінде жинақталады. Бұл
опциялардың кез келгенін өзгерту үшін, алдын ала қарауды алып мүмкіндігін өшіріп, қайтадан
бастаңыз.
Алдына ала қарау мүмкіндігін пайдалану - қосымша.
6. Құжатты алдын ала қарау үшін экранның оң жақ аймағын басыңыз. Алдын ала қарау экранында
алдын ала қарау опцияларын реттеу және беттерді айналдыру, қайта реттеу, енгізу немесе жою үшін
экранның оң жақ аймағындағы түймелерді пайдаланыңыз.
Бұл түймелерді нобай көрінісі мен бір беттік көрініс арасында ауысу үшін пайдаланыңыз. Бір
беттік көрініспен салыстырғанда нобай көрінісіндегі қолжетімді опциялар көбірек.
160 7-тарау Факс KKWW










