HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide

6. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттауыштарды науадағы тиісті ойықтарына келтіріңіз. Науа бағыттауышындағы көрсеткі
науадағы таңбамен бірдей туралануы керек.
ЕСКЕРТПЕ: Қағаз жинағын қағаз бағыттауыштарымен қатты қыспаңыз. Оларды науадағы
таңбалармен немесе белгілермен реттеңіз.
Келесі суреттерде әр түрлі принтерлер науаларындағы қағаз өлшемін білдіретін таңбалардың
үлгілері берілген. HP принтерлерінің көбінде осыған ұқсас белгілер бар.
Cурет 9-8 1-науаға немесе көп мақсатты науаға арналған өлшем белгілері
Cурет
9-9
Кассета науаларына арналған өлшем белгілері
7. Басып шығару ортасы ұсынылған спецификацияларда болатынын тексеріңіз.
KKWW Принтер қағазды алмайды немесе дұрыс алмайды 199