HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide
●
Күтім
●
Мөлшерлеу/тазалау
●
Сканерді калибрлеу
3. Калибрлеу процесін бастау үшін Start (Бастау) түймешігін түртіңіз. Экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
4. Принтерді калибрлеу аяқталғанша күтіп, көшіру әрекетін қайталаңыз.
Қағаз параметрлерін тексеру
Көшірілген беттерде жағылған жерлер, анық емес немесе күңгірт басып шығарылған жерлер, оралған
қағаз, шашыраған тонер нүктелері, аз тонер немесе тонер сыртқа шыққан аймақтар бар болса, мына
қадамдарды орындаңыз.
Қағаз өлшемі мен түрінің конфигурациясын тексеру
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Copy (Көшіру) түймесін түртіңіз.
2. Опциялар аймағында Paper Selection (Қағазды таңдау) тармағына барып, таңдаңыз.
3. Paper Size (Қағаз өлшемі) таңдап, алдын ала анықталған опцияларды таңдаңыз.
4. Paper Type (Қағаз түрі) таңдап, алдын ала анықталған опцияларды таңдаңыз.
5. Done (Орындалды) түймешігін түртіңіз.
Көшіру үшін пайдаланылатын науаны таңдау
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Copy (Көшіру) түймесін түртіңіз.
2. Опциялар аймағында Paper Selection (Қағазды таңдау) тармағына барып, таңдаңыз.
3. Paper Tray (Қағаз науасы) таңдап, қағаз науаларының бірін таңдаңыз.
4. Done (Орындалды) түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл параметрлер уақытша. Тапсырманы аяқтағаннан кейін принтер әдепкі параметрлерді
қайтарады.
Суретті реттеу параметрлерін тексеру
Көшіру сапасын жақсарту үшін осы қосымша параметрлерді реттеңіз.
●
Sharpness (Айқындық): кескінді айқындау немесе жұмсарту. Мысалы, айқындықты арттыру мәтіннің
анық етіп көрсетуі мүмкін, бірақ оны төмендету фотосуреттерді жұқалау етіп көрсетуі мүмкін.
●
Darkness (Күңгірттік): сканерленген кескіндердегі түстерде пайдаланылатын ақ пен қара түстің
мөлшерін арттыру немесе азайту.
●
Contrast (Контраст): беттегі ең ашық және ең күңгірт түс арасындағы айырмашылықты арттыру
немесе азайту.
246 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW










