HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide
жағы жоғары қарап қалады. Кейбір беттерде альбомдық бағдар болса, принтер кескінді беттің
жоғарғы жағы суреттің жоғарғы жағында болатындай бұрады.
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Scan (Сканерлеу) түймесін түртіңіз.
2. Келесі сканерлеу мүмкіндіктерінің бірін таңдаңыз:
●
Құрылғы жадына сақтау
●
Электрондық поштаға сканерлеу
●
Желідегі қалтаға сканерлеу
●
USB дискісіне сканерлеу
●
SharePoint® торабына сканерлеу
3. Options (Опциялар) түймесін түртіңіз.
4. Опциялар аймағында Image Adjustment (Кескінді реттеу) тармағына барып, таңдаңыз.
5. Деңгейлерді орнату үшін ысырмаларды реттеңіз.
6. Send (Жіберу) түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл параметрлер уақытша. Тапсырманы аяқтағаннан кейін принтер әдепкі параметрлерді
қайтарады.
Мәтін немесе суреттер үшін сканерлеу сапасын оңтайландыру
Сканерленетін сурет түріне арналған сканерлеуді оңтайландыру: мәтін, сызбалар немесе фотосуреттер.
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Scan (Сканерлеу) түймесін түртіңіз.
2. Келесі сканерлеу мүмкіндіктерінің бірін таңдаңыз:
●
Құрылғы жадына сақтау
●
Электрондық поштаға сканерлеу
●
Желідегі қалтаға сканерлеу
●
USB дискісіне сканерлеу
●
SharePoint® торабына сканерлеу
3. Options (Опциялар) түймесін түртіңіз.
4. Опциялар аймағында Optimize Text/Picture (Мәтінді/Суретті оңтайландыру) тармағына барып,
таңдаңыз.
5. Алдын ала анықталған опциялардың бірін таңдаңыз немесе Automatically detect (Автоматты анықтау)
таңдаңыз.
6. Send (Жіберу) түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл параметрлер уақытша. Тапсырманы аяқтағаннан кейін принтер әдепкі параметрлерді
қайтарады.
KKWW Сканерлеу сурет сапасын жақсарту 251










