HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide

ЕСКЕРТПЕ: Бұл параметрлер уақытша. Тапсырманы аяқтағаннан кейін принтер әдепкі параметрлерді
қайтарады.
Қатені түзету параметрлерін тексеру
Сурет сапасын төмендететін Error Correction Mode (Қатені түзету режимі) параметрі ажыратылған болуы
мүмкін. Параметрді қайта қосу үшін мына әрекеттерді орындаңыз.
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірі көрсетілгенге дейін
сырғыта беріңіз. Мәзірді ашу үшін Settings (Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Факс
Факс жіберу параметрлері
Жалпы факс жіберу параметрлері
3. Error Correction Mode (Қатені түзету режимі) опциясын таңдаңыз. Done (Орындалды) түймешігін
түртіңіз.
Бетке шақтау параметрін тексеру
Fit to Page (Бетке шақтау) параметрі қосылған болса және кіріс факсы әдепкі бет өлшемінен үлкенірек
болса, принтер бетке шақтау үшін суретті масштабтауға әрекет жасайды. Бұл параметр ажыратылған
болса, үлкенірек суреттер бірнеше бетке таралады.
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірі көрсетілгенге дейін
сырғыта беріңіз. Мәзірді ашу үшін Settings (Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Факс
Факс қабылдау параметрлері
Әдепкі тапсырма параметрлері
Бетке шақтау
3. Параметрді қосу үшін On (Қосу) опциясын түртіңіз немесе оны ажырату үшін O (Өшіру) опциясын
түртіңіз. Done (Орындалды) түймешігін түртіңіз.
Басқа факс құрылғысына жіберу
Факсты басқа факс құрылғысына жіберіп көріңіз. Факс сапасы жақсырақ болса, мәселе алушының факс
машинасының бастапқы параметрлеріне немесе жабдықтардың күйіне байланысты.
Жіберушінің факс құрылғысын тексеру
Жіберушіден басқа факс құрылғысынан жіберіп көруді сұраңыз. Факс сапасы жақсырақ болса, ақаулық
жіберушінің факс құрылғысында туындаған. Басқа факс құрылғысы қол жетімсіз болса, жіберуші ретінде
келесі өзгерістерді орындауды қарастырыңыз:
256 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW