HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide
5. Сымсыз желі дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз.
6. Компьютер дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз. Қажет болса, компьютерді қайта іске қосыңыз.
Сымсыз принтер байланысы VPN желісіне қосылған кезде жоғалады
●
Негізі, VPN желісіне және басқа желілерге бір уақытта қосыла алмайсыз.
Желі сымсыз желілер тізімінде шықпайды
●
Сымсыз маршрутизатор қосылғанын және қуат көзі бар екенін тексеріңіз.
●
Желі жасырын болуы мүмкін. Дегенмен, жасырын желіге қосылуға болады.
Сымсыз желі жұмыс істеп тұрған жоқ
1. Желі кабелінің жалғанбағанын тексеріңіз.
2. Желінің байланысты жоғалтпағанын тексеру үшін, желіге басқа құрылғылар қосып көріңіз.
3. Желі ақпаратын жіберу арқылы желі байланысын тексеріңіз.
а. Компьютерде пәрмен жолы терезесін ашыңыз.
●
Windows жүйесі үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып, Запустить (Іске қосу) пәрменін таңдап,
cmd деп теріңіз де, Enter пернесін басыңыз.
●
OS X үшін Applications (
Бағдарламалар) тармағына өтіп,
Utilities
(Утилиталар) тармағын
таңдаңыз да,
Terminal параметрін ашыңыз
.
ә. Маршрутизатордың
IP мекенжайынан кейін келетін ping ақпаратын енгізіңіз.
б. Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі жұмыс істейді.
4
. Маршрутизатордың немесе принтердің компьютеріңіз қосылған желіге қосылғанын тексеріңіз.
а. Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
ә. Компьютеріңіз үшін конфигурациялау есебіндегі қызмет орнату идентификаторын (SSID)
принтер конфигурациясындағы қызмет орнату идентификаторымен (SSID) салыстырыңыз.
б. Сандар бірдей болмаса, онда құрылғылар бір желіге қосылмайды. Принтердің сымсыз орнатуын
қайта к
онфигурациялаңыз.
Сымсыз желідегі кедергіні азайту
Келесі кеңестер сымсыз желідегі кедергілерді азайтуы мүмкін:
●
Сымсыз құрылғыларды құжаттарды сақтайтын шкафтар сияқты көлемді темір заттардан, сондай-ақ
микро
толқынды және сымсыз телефондар сияқты басқа да электромагниттік құрылғылардан аулақ
ұстаңыз. Бұл заттар радио сигналдарына кедергі болуы мүмкін.
●
Сымсыз құрылғыларды көлемді тастан қаланған және басқа құрылыс құрылымдарынан аулақ
ұ
стаңыз. Бұл заттар радио толқындарды сіңіріп, сигнал күшін азайтуы мүмкін.
●
Сымсыз маршрутизаторды желідегі сымсыз принтерлермен бір сызықтың ортасына орналастырыңыз
.
262 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW










