HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide

Конверттерді салу және басып шығару
Кіріспе
Төмендегі ақпарат конверттерді салу және басып шығару жолын сипаттайды. Конверттерге басып шығару
үшін 1-науаны ғана пайдаланыңыз. 1-науаға 10 конвертке дейін сыяды
Қолмен беру опциясын қолданып конверттерді басып шығару үшін, принтер драйверіндегі дұрыс
параметрлерді таңдау мақсатында осы қадамдарды орындаңыз және одан кейін баспа тапсырмасын
принтерге жібергеннен кейін науаға конверттерді жүктеңіз.
Конверттерді басып шығару
1. Бағдарламалық құралда Printасып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы мүмкіндіктерге Windows 8 немесе 8.1 нұсқасының Бастау экранынан кіру үшін,
Құрылғылар бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, содан кейін принтерді таңдаңыз.
3. Қағаз/Сапа жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Қағаз өлшемі ашылмалы тізімінде конверттер үшін дұрыс өлшемді таңдаңыз.
5. Қағаз түрі ашылмалы тізімінде Конверт параметрін таңдаңыз.
6. Қағаз көзі ашылмалы тізімінде Қолмен беру параметрін таңдаңыз.
7. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
8. Тапсырманы басып шығару үшін Printасып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін түртіңіз.
Конверт бағыты
Науа Конверт өлшемі Салу әдісі
1-науа Envelope #9, Envelope #10, Envelope
Monarch, Envelope B5, Envelope C5,
Envelope C6, Envelope DL
Төмен қаратып
Жоғарғы жиегін принтердің алдыңғы
жағына қарай
36 2-тарау Қағаз науалары KKWW