HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide

Жапсырмаларды салу және басып шығару
Кіріспе
Төмендегі ақпарат белгілерді басып шығару және салу жолын сипаттайды.
Жапсырма парақтарына басып шығару үшін 2-науаны немесе 550 парақтық науалардың біреуін
пайдаланыңыз. 1-науа жапсырмаларға қолдау көрсетпейді.
Қолмен беру опциясымен жапсырмаларды басып шығару үшін мына қадамдарды орындап, баспа
драйверінен дұрыс параметрлерді таңдаңыз, одан соң басып шығару тапсырмасын принтерге жібергеннен
кейін жапсырмаларды науаға салыңыз. Қолмен беруді пайдаланғанда, принтер науаның ашылғанын
анықтағанша тапсырманың басып шығарылуын күтіңіз.
Жапсырмаларды қолмен беру
1. Бағдарламалық құралда Printасып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: түйме атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: осы мүмкіндіктерге Windows 8 немесе 8.1 нұсқасының Бастау экранынан кіру үшін,
Құрылғылар бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, одан кейін принтерді таңдаңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/Сапа) жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Paper size (Қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен жапсырмаларға сәйкес өлшемді таңдаңыз.
5. Paper type (Қағаз түрі) ашылмалы тізімінен Labels (Жапсырмалар) опциясын таңдаңыз.
6. Paper source (Қағаз көзі) ашылмалы тізімінен Manual feed (Қолмен беру) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: қолмен беруді пайдаланғанда, принтер дұрыс қағаз өлшеміне реттелген ең төменгі
науадан бастап басып шығарады, сондықтан белгілі бір науаны көрсетудің қажеті жоқ. Мысалы, 2-
науа жапсырмаларға реттелсе, принтер 2-науадан бастап басып шығарады. Егер 3-науа орнатылып,
жапсырмаларға реттелсе, ал 2-науа жапсырмаларға реттелмесе, принтер 3-науадан бастап басып
шығарады.
7. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
8. Тапсырманы басып шығару үшін Printасып шығару) диалогтік терезесіндегі Print (Басып шығару)
түймесін басыңыз.
KKWW Жапсырмаларды салу және басып шығару 37