HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide

3. Сол жақтағы шарлау тақтасында Manage Supplies (Жабдықтарды басқару) түймесін басыңыз.
4. Жабдық параметрлері аймағынан O (Өшірулі) опциясын Cartridge Policy (Картридж саясаты)
ашылмалы тізімінен таңдаңыз.
5. Өзгерістерді сақтау үшін Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
Картридж саясаты басқару панеліндегі қате туралы хабарлардың шешімін табу
Қате туралы хабар Сипаттама Ұсынылатын әрекет
10.0X.30 Мақұлданбаған <Color>
картридж
Әкімші бұл принтерді әлі де кепілдіктегі
тек түпнұсқа HP жабдықтарын
пайдаланатындай етіп баптады. Басып
шығаруды жалғастыру үшін картриджді
ауыстыру қажет.
Картриджді түпнұсқа HP тонерлі
картриджіне ауыстырыңыз.
Егер сіз түпнұсқа HP жабдығын сатып
алғаныңызға сенімді болсаңыз, тонерлі
картридждің түпнұсқа HP картриджі
екендігін анықтау және түпнұсқа HP
картриджі болмаса, орындайтын
әрекеттерді www.hp.com/go/
anticounterfeit веб-сайтынан қараңыз.
Картриджді қорғау функциясын қосу немесе өшіру
ЕСКЕРТПЕ: осы мүмкіндікті қосу немесе өшіру әкімші құпия сөзін енгізуді талап етуі мүмкін.
Картриджді қорғау функциясын қосу үшін принтердің басқару панелін қолданыңыз
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірін ашыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Manage Supplies (Жабдықтарды басқару)
Cartridge Protection (Картриджді қорғау)
3. Картридждерді қорғау тармағын таңдаңыз.
4. Принтер растауды сұраса, функцияны қосу үшін Жалғастыру түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТУ: принтер үшін картридж қорғанысын қосқаннан кейін принтерге орнатылатын кейінгі
тонерлі картридждер автоматты және тұрақты түрде қорғалады. Жаңа картридждің қорғалуына
жол бермеу үшін жаңа картридж орнату алдында бұл функцияны өшіріңіз.
Функцияны өшіру ағымдағы орнатылған картридждер үшін қорғанысты өшіріп тастамайды.
Картриджді қорғау функциясын өшіру үшін принтердің басқару панелін қолданыңыз
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірін ашыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Manage Supplies (Жабдықтарды басқару)
Cartridge Protection (Картриджді қорғау)
3. Өшіру параметрін таңдаңыз.
50 3-тарау Жабдықтар, керек-жарақтар және бөлшектер KKWW