HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide

Қағаздың екі жағына автоматты түрде басып шығару (Windows жүйесі)
Бұл процедураны автоматты дуплексер орнатылған принтерлерде пайдаланыңыз. Принтерде автоматты
дуплексер орнатылмаған болса немесе дуплексер қолдамайтын қағаз түрлеріне басып шығару үшін екі
жақта қолмен басып шығаруға болады.
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Сипаттар немесе
Параметрлер түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы мүмкіндіктерге Windows 8 не 8.1 нұсқасының «Бастау» экранынан кіру үшін
Құрылғылар бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, одан кейін принтерді таңдаңыз.
3. Аяқтау жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Екі жағына басып шығару опциясын таңдаңыз. Құжат сипаттары тілқатысу терезесін жабу үшін OK
түймесін басыңыз.
5. Тапсырманы басып шығару үшін Басып шығару тілқатысу терезесіндегі Басып шығару түймесін
басыңыз.
66 4-тарау Басып шығару KKWW