HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide
Бір параққа бірнеше бетті басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Сипаттар немесе
Параметрлер түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы мүмкіндіктерге Windows 8 не 8.1 нұсқасының «Бастау» экранынан кіру үшін
Құрылғылар бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, одан кейін принтерді таңдаңыз.
3. Аяқтау жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Әр параққа беттер санын Pages per sheet (Бет/парақ) ашылмалы тізімінен таңдаңыз.
5. Дұрыс Print page borders (Бет жиектеріне басу), Page Order (Парақ реті) және Orientation (Бағдар) үшін
дұрыс опцияларын таңдаңыз. Document Properties (Құжат сипаттары) диалог терезесін жабу үшін OK
түймесін басыңыз.
6. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі Print (Басып шығару)
түймесін басыңыз.
Қағаз түрін таңдау (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы мүмкіндіктерге Windows 8 не 8.1 нұсқасының «Бастау» экранынан кіру үшін
Құрылғылар бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, одан кейін принтерді таңдаңыз.
3. Қағаз/Сапа жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Қағаз түрі ашылмалы тізімінен Қосымша... опциясын таңдаңыз.
5. Type is: (Түрі:) опцияларының тізімін жайыңыз.
6. Қағазды ең жақсы сипаттайтын қағаз түрлерінің санатын жайыңыз.
7. Қолданыстағы қағаз түрінің параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
8. Құжат сипаттары тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз. Тапсырманы басып шығару
үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі Print (Басып шығару) түймесін басыңыз.
Егер науаны конфигурациялау керек болса, принтердің басқару тақтасында науаны конфигурациялау
туралы хабар көрсетіледі.
9. Түрі мен өлшемі көрсетілген қағазды науаға салып, оны жабыңыз.
10. Анықталған түр мен өлшемді қабылдау үшін OK түймешігін түртіңіз немесе басқа қағаз өлшемін
немесе түрін таңдау үшін Modify (Өзгерту) түймешігін түртіңіз.
11. Дұрыс түр мен өлшемді таңдаңыз да, OK түймешігін түртіңіз.
KKWW Басып шығару тапсырмалары (Windows) 67










