HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide

Мобильді басып шығару
Кіріспе
HP компаниясы ноутбуктан, планшеттен, смартфоннан немесе басқа мобильді құрылғыдан HP принтері
арқылы оңай басып шығаруға мүмкіндік беретін мобильді және электрондық басып шығару (ePrint)
шешімдерін ұсынады. Толық тізімді көру және ең жақсы таңдауды анықтау үшін www.hp.com/go/
LaserJetMobilePrinting сайтына өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық мобильді басып шығару және ePrint мүмкіндіктеріне қолдау көрсетілуі үшін принтер
микробағдарламасын жаңартыңыз.
Wireless Direct арқылы және NFC арқылы басып шығару
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
HP ePrint бағдарламалық құралы
AirPrint
Android ендірілген басып шығаруы
Wireless Direct арқылы және NFC арқылы басып шығару
HP компаниясы HP Jetdirect 3000w NFC/Wireless Accessory функциясын қолдайтын принтерлер үшін
Wireless Direct арқылы және NFC (Near Field Communication) арқылы басып шығару мүмкіндігін ұсынады.
Бұл қосалқы құралды құрамына аппараттық құралдарға кіріктіру қалтасы (HIP) кіретін HP LaserJet
принтерлері үшін опция ретінде қолдануға болады.
Wireless Direct Print және NFC басып шығару стандарттары Wi-Fi функциясы бар (мобильді) құрылғыларға
сымсыз роутерге қосылусыз тікелей принтерге қосылу мүмкіндігін береді.
Принтер бұл мобильді құрылғы арқылы басып шығару үшін желіге қосулы болуы міндетті емес.
Wireless Direct Print мүмкіндігін мына құрылғылардан сымсыз басып шығару үшін пайдаланыңыз:
Apple AirPrint немесе HP ePrint қолданбасын пайдаланатын iPhone, iPad немесе iPod touch
HP ePrint қолданбасын немесе Android ендірілген басып шығару шешімін пайдаланатын Android
мобильді құрылғылары
HP ePrint бағдарламасын пайдаланатын ДК және Mac құрылғылары
Сымсыз басып шығару туралы қосымша ақпаратты мына беттен қараңыз: www.hp.com/go/wirelessprinting.
NFC және Wireless Direct Print мүмкіндіктерін принтердің басқару тақтасынан қосуға немесе өшіруге
болады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірін ашыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Желіде
Wireless Direct
Күй
3. On (Қосулы) опциясын таңдап, сымсыз басып шығаруды қосу үшін OK түймесін таңдаңыз.
KKWW Мобильді басып шығару 75