HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide

AirPrint функциясын қолдану үшін принтер Apple құрылғысы сияқты бірдей желіге (қосымша желі)
қосылған болуы керек. AirPrint функциясын қолдану және AirPrint функциясымен үйлесімді HP принтерлері
туралы қосымша ақпарат алу үшін, www.hp.com/go/LaserJetMobilePrinting сайтына кіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: AirPrint функциясын USB байланысымен пайдаланбай тұрып, нұсқа нөмірін тексеріңіз. AirPrint
1.3 және одан бұрынғы нұсқалары USB байланыстарын қолдамайды.
Android ендірілген басып шығаруы
Android және Kindle жүйелеріне арналған HP бекітілген басып шығару шешімі Wi-Fi Direct басып шығару
үшін мобильді құрылғыларға желідегі немесе сымсыз байланыс ауқымындағы HP принтерлерін автоматты
түрде тауып, солар арқылы басып шығаруға мүмкіндік береді.
Принтер Android құрылғысы сияқты бірдей желіге (қосымша желі) қосылған болуы керек.
Басып шығару шешімі операциялық жүйенің көптеген нұсқаларына кіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Егер құрылғыдан басып шығару қолжетімді болмаса, Google Play > Android apps (Android
қолданбалары) тармағына өтіп, HP Print Service модулін орнатыңыз.
Android жүйесіне ендірілген баспаны пайдалану жолы мен қолдау көрсетілетін Android құрылғыларының
түрлері туралы қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/go/LaserJetMobilePrinting мекенжайына өтіңіз.
78 4-тарау Басып шығару KKWW