HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide

USB портынан басып шығару
Кіріспе
Бұл принтерде оңай ашылатын USB құрылғысынан басып шығару мүмкіндігі бар, сондықтан файлдарды
компьютерден жібермей жылдам басып шығаруға болады. Принтер басқару панелінің қасындағы USB
портына стандартты USB флэш-дискілерін қабылдайды. Ол келесі файл түрлерін қолдайды:
.pdf
.prn
.pcl
.ps
.cht
USB портын басып шығару үшін қосу
USB порты әдепкіде өшірулі болады. Мүмкіндікті пайдаланудың алдында USB портын қосыңыз. Портты
қосу үшін, келесі әдістердің бірін пайдаланыңыз:
Бірінші әдіс: USB портын өнімнің басқару панеліндегі мәзірлер арқылы қосу
1. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірі көрсетілгенге дейін
сырғыта беріңіз. Мәзірді ашу үшін Settings (Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
USB параметрлері
USB құрылғысының параметрлерін басып шығару
USB құрылғысынан басып шығаруды қосу
3. Enabled (Қосылған) опциясын таңдаңыз.
Екінші әдіс: USB портын HP ендірілген веб-серверінен қосу (тек желіге қосылған принтерлер)
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін, принтердің басқару панеліндегі негізгі
экраннан Ақпарат белгішесін
, одан кейін Желі
белгішесін түртіңіз
.
ә. Веб
-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы
Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб
-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін
хабарды береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру
компьютерге зақым келтірмейді.
2
.
Copy/Print
(Көшіру/Басып шығару) қойындысын ашыңыз.
3
. Экранның сол жақ бөлігіндегі
Retrieve from USB Setup
(USB орнатуынан алу) түймесін басыңыз.
KKWW USB портынан басып шығару 79