HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide

Көшірме жасау
1. Құжатты бетін төмен қаратып сканер әйнегіне қойып немесе құжатты беру құрылғсына бетін жоғары
қаратып салып,құжаттың өлшеміне сәйкестендіру үшін қағаз бағыттағыштарын сәйкестендіріңіз.
2. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Copy (Көшіру) түймесін түртіңіз.
3. Options (Опциялар) аймағында көшірмелер санын таңдаңыз.
4. Көшірілетін кескіннің түрін оңтайландыру үшін Optimize Text/Picture (Мәтінді/суретті оңтайландыру)
түймешігін басыңыз: мәтін, сызбалар немесе фотосуреттер. Алдын ала анықталған параметрлердің
бірін таңдаңыз.
5. Алдын ала қарау мүмкіндігін пайдаланбастан бұрын сары үшбұрышпен таңбаланған опцияларды
орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Алдын ала сканерлеуден кейін бұл опциялар негізгі Options (Опциялар) тізімінен
жойылады және Pre-scan Options (Алдын ала сканерлеу опциялары) тізімінде жинақталады. Бұл
опциялардың кез келгенін өзгерту үшін, алдын ала қарауды алып мүмкіндігін өшіріп, қайтадан
бастаңыз.
Алдына ала қарау мүмкіндігін пайдалану - қосымша.
6. Құжатты алдын ала қарау үшін экранның оң жақ аймағын басыңыз. Алдын ала қарау экранында
алдын ала қарау опцияларын реттеу және беттерді айналдыру, қайта реттеу, енгізу немесе жою үшін
экранның оң жақ аймағындағы түймелерді пайдаланыңыз.
Бұл түймелерді нобай көрінісі мен екі беттік көрініс арасында ауысу үшін пайдаланыңыз. Екі
беттік көрініспен салыстырғанда нобай көрінісіндегі қолжетімді опциялар көбірек.
Бұл түймелерді таңдалған бетті ұлғайту немесе кішірейту үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл түймелерді пайдалану үшін бір уақытта тек бір бетті таңдаңыз.
Бұл түймені бетті 180 градусқа бұру үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл түйме тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
Бұл түймені таңдалған беттерді жою үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл түйме тек нобай көрінісінде қолжетімді болады.
82 5-тарау Көшіру KKWW