HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide
Екі жағына басып шығару (дуплекс)
1. Құжатты бетін төмен қаратып сканер әйнегіне қойып немесе құжатты беру құрылғсына бетін жоғары
қаратып салып,құжаттың өлшеміне сәйкестендіру үшін қағаз бағыттағыштарын сәйкестендіріңіз.
2. Принтердің басқару панеліндегі негізгі экранда Copy (Көшіру) түймесін түртіңіз.
3. Options (Опциялар) тақтасында Sides (Жақтар) опциясын таңдаңыз.
4. Original Sides (Бастапқы жақтар) опциясын таңдап, бастапқы құжатты сипаттайтын опцияны басыңыз:
●
Түпнұсқаның беттің бір немесе екі жағында басып шығарылғанын анықтау үшін Automatically
detect (Автоматтық түрде анықтау) опциясын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндік барлық микробағдарлама нұсқалары үшін қолжетімсіз. Бұл
мүмкіндікті қолдану үшін принтердің микробағдарламасын жаңарту керек болуы мүмкін.
●
Беттің бір жағына басып шығарылған түпнұсқалар үшін 1-sided (1 жақты) опциясын
пайдаланыңыз.
●
Беттің екі жағына басып шығарылған түпнұсқалар үшін 2-sided (2 жақты) опциясын
пайдаланыңыз.
●
2 жақты түпнұсқа беттің жиегін анықтау үшін Pages Flip Up (Беттерді жоғары аудару) опциясын
қосыңыз немесе өшіріңіз.
5. Output Sides (Шығыс жақтары) опциясын таңдап, келесі опциялардың біреуін таңдаңыз:
●
Match original (Түпнұсқалықпен сәйкестендіру): Басып шығарылатын бет түпнұсқаның пішімімен
сәйкес келеді. Мысалы, егер түпнұсқа 1 жақты болса, басып шығарылатын бетте 1 жақты
болады. Дегенмен, әкімші 1 жақты басып шығаруға шектеу қойса және түпнұсқа 1 жақты болса,
басып шығарылатын бет 2 жақты кітап түрінде болады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндік барлық микробағдарлама нұсқалары үшін қолжетімсіз. Бұл
мүмкіндікті қолдану үшін принтердің микробағдарламасын жаңарту керек болуы мүмкін.
●
1-sided (1 жақты): басып шығарылатын бет 1 жақты болады. Дегенмен, әкімші 1 жақты басып
шығаруға шектеу қойса, басып шығарылатын бет 2 жақты кітап түрінде болады.
●
2-sided (2 жақты): басып шығарылатын бет 2 жақты болады.
●
2 жақты шығыс беттің жиегін анықтау үшін Pages Flip Up (Беттерді жоғары аудару) опциясын
қосыңыз немесе өшіріңіз.
6. Алдын ала қарау мүмкіндігін пайдаланбастан бұрын сары үшбұрышпен таңбаланған опцияларды
орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Алдын ала сканерлеуден кейін бұл опциялар негізгі Options (Опциялар) тізімінен
жойылады және Pre-scan Options (Алдын ала сканерлеу опциялары) тізімінде жинақталады. Бұл
опциялардың кез келгенін өзгерту үшін, алдын ала қарауды алып мүмкіндігін өшіріп, қайтадан
бастаңыз.
Алдына ала қарау мүмкіндігін пайдалану - қосымша.
7. Құжатты алдын ала қарау үшін экранның оң жақ аймағын басыңыз. Алдын ала қарау экранында
алдын ала қарау опцияларын реттеу және беттерді айналдыру, қайта реттеу, енгізу немесе жою үшін
экранның оң жақ аймағындағы түймелерді пайдаланыңыз.
84 5-тарау Көшіру KKWW










