Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2014 Hewlett-Packard Development Company, L.P. AMD белгісі – Advanced Micro Devices, Inc. корпорациясының сауда белгісі. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel — Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. Java – Sun Microsystems, Inc корпорациясының АҚШтағы сауда белгісі. Microsoft жəне Windows – Microsoft компаниялар тобының АҚШ-та тіркелген сауда белгілері.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу .................................................................................................................................. 4 Оң жағы ..........................
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату ................................................................ 25 Меңзеу таяқшасын қолдану ............................................................................................. 25 Сенсорлы тақтаны жəне қимылдарды пайдалану .......................................................... 25 Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу ................................................................ 26 Түрту .....................................................................
Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану .................................... 40 Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау ................................................ 40 Батарея қуатын пайдалану .............................................................................................. 41 Батарея туралы қосымша ақпарат табу .......................................................... 41 Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану .............................................
Intel Smart Response Technology (тек таңдаулы үлгілерде) .......................................... 55 Қатты дискінің қақпағын алу немесе жабу .................................................................... 55 Қатты дискінің қақпағын алу .......................................................................... 55 Қатты диск қақпағын салу ............................................................................... 56 Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту .............................................
Дисплейді тазалау (көп қызметті компьютерлерде немесе ноутбуктерде) .................................................................................................. 78 Компьютердің жақтары не қақпағын тазалау ................................................ 78 Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау ................................. 78 Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту ....................................................................................
14 Техникалық сипаттамасы ......................................................................................................................... 93 Тұтынылатын қуат ............................................................................................................................. 93 Жұмыс ортасы ................................................................................................................................... 93 қосымшасы а Компьютерді сапарға алып шығу .........................
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows® жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу (17-бет) бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын жəне қосымша мəліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Нұсқаулыққа қол жеткізу үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін Гарантия и сервисы (Кепілдік жəне қызметтер) пəрмендерін таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 4 Компьютермен танысу 2-тарау Компьютермен танысу
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама USB 3.0 порттары (2) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы USB 3.0 портына жалғанады. ЕСКЕРТПЕ: USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB құрылғысын пайдалану (50-бет) бөлімінен қараңыз. (2) DisplayPort Ажыратымдылығы жоғары монитор немесе проектор сияқты қосымша сандық көрсету құрылғысын жалғайды.
Бөлік (2) Сипаттама Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (3) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) WWAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (4) Веб-камера шамы (тек таңдаулы модельдерде) Қосулы: веб-камера қолданылуда.
Жоғарғы жағы Сенсорлы тақта Бөлік 8 Сипаттама (1) Меңзегіш құрылғы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Меңзегіш таяқшаның сол жақ түймесі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (4) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, зауыттан Intel® Rapid Start Technology (Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі қосылады.
Бөлік (5) 10 Сипаттама Дыбысты өшіру шамы ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Ақ: компьютер дыбысы қосулы. (6) Caps lock шамы Ақ: пернелердің барлығын бас əріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. (7) Сенсорлы тақта шамы ● Сары: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы.
Түймелер, үндеткіштер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймесі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік Сипаттама бағдарламалар тізімінен Питание и спящий режим (Қуат жəне ұйқылық режим) тармағын таңдаңыз. 12 (2) Сымсыз байланыс түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз байланыс орнатпайды. (3) Дыбыс деңгейін өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді жəне қайта қосады. (4) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функциялық пернемен, num lk пернесімен, esc пернесімен немесе b пернесімен бірге басылғанда жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Сымсыз модулі мен жад модулінің бөлімі Ішінде сымсыз модулі мен жад модулі бар ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
Бөлік Сипаттама (6) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны батарея ұясынан шығарады. (7) Батарея бөлімі жəне SIM ұяшығы Батареяны ұстап тұрады. Сымсыз абонентті анықтау модуліне (SIM) қолдау көрсетеді. SIM картасының ұясы батарея ұясында орналасқан. Алдыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Сымсыз байланыс шамы Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы.
Бөлік (4) Сипаттама Қатты диск шамы ● Өшірулі: Батарея толық зарядталған. ● Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті уақытша өшіріп қояды. ЕСКЕРТПЕ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану (59-бет) бөлімінен қараңыз.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған. Егер сымсыз байланыс шамы өшірулі жанып тұрса, сымсыз құрылғылар өшірілген. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары жанып тұрады.
ЕСКЕРТПЕ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРТПЕ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де біріктіріп пайдаланады. ● Сымсыз шифрлауды қолданыңыз. Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
етеді. НР мобильді кең жолақты желісінің қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен бірдей. Мобильді желілер оператор қызметімен бірге қолдану кезінде НР Мобильді кең жолақты модулі саяхат жасау барысында немесе Wi-Fi таратқыштарының қамту аясының сыртында болу кезінде Интернетке қосылу, электрондық пошта арқылы хабарлама жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкіндігін береді.
7. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның ұясына жайлап басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: мүмкін. Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, батарея орнындағы суретті қараңыз. 8. Батареяны орнына салыңыз. ЕСКЕРТПЕ: 9. Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 10. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 11. Компьютерді қосыңыз.
● Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер) ● Тінтуір Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу жəне оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз. Сымды желіге қосылу Сымды байланыс орнатудың 2 түрі бар: жергілікті желі (LAN) жəне модем арқылы қосу.
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Компьютердің сенсорлы тақтада пайдаланылатын қимылдарды түртіңіз. Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы əрекет пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Түрту Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Таңдау үшін, сенсорлы тақта аймағын бір саусағыңызбен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет.
2 саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жанжаққа жылжытыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. 2 саусақпен басу 2 саусақпен басу экрандағы нысан үшін мəзір таңдауларын жасауға мүмкіндік береді.
● Сенсорлы тақта аймағына екі саусақты қойып, таңдалған нысанның опциялар мəзірін ашу үшін басыңыз. Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРТПЕ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған.
Пернетақтаны пайдалану Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Пернелер тіркесімі Сипаттама fn+f2 Орнатылған барлық батареялардың қуаты туралы ақпаратты көрсетеді. Дисплей қай батареяның қуатталып жатқанын көрсетеді жəне əр батареяда қалған қуат көлемі жайында есеп береді. fn+f3 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану (1) Бөлік Сипаттама fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРТПЕ: Cыртқы пернетақта немесе сандар пернетақтасы компьютерге жалғанғанда, орнатылған сандар пернетақтасы жұмыс істемейді. (2) Енгізілген сандық пернетақта Қосылғанда, пернетақтаны сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады. Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы: ● num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді. ● num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page down пернелері сияқты жұмыс істейді.
5 Мультимедиа Бұл компьютердің құрамында келесі құрылғылар болуы мүмкін: ● Кірістірілген үндеткіш(тер) ● Кірістірілген микрофон(дар) ● Кірістірілген веб-камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Аудио HP компьютерімен музыка жүктеуге жəне тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады.
Құлақаспаптарды жəне микрофондарды қосу Сымды құлақаспаптарды жəне гарнитураларды компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап) ұясына/аудио кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар сатылады. Компьютерге желісіз құлақаспаптарды не гарнитураларды қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді. ● Бейне түсіріп, ортақ пайдалану ● Жылдам хабар алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек алу ● Дыбыссыз суретке түсіру Бейне Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге жəне желіге қосылмай-ақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге қосады. 1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте көрсетілгендей жалғаңыз. 2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің DisplayPort портына бір ғана DisplayPort құрылғысын жалғауға болады. Компьютер экранындағы ақпарат бір мезгілде DisplayPort құрылғысында да көрсетіледі. Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін 1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз. 3.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютердің жұмысын аяқтау ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Қуат параметрлерін орнату Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану Ұйқылық күй зауытта іске қосылады. Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмысыңыз жадқа сақталады. ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы жад картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пəрменін пайдаланыңыз. 1. Бастау экранында параметры питания сөздерін теріңіз, содан Параметры питания (қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің əрекетін таңдаңыз) сілтемесін нұқыңыз. 3.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи пользователя (Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз. 5.
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы қуат көзіне жалғануы тиіс. 2. Батарея ақпаратына қатынасу үшін, HP Support Assistant бағдарламасын Бастау экранынан таңдап, Battery and performance (Батарея жəне өнімділік) пəрменін таңдаңыз. Батареяны тексеру құралы батареяның жəне оның ұяларының дұрыс жұмыс істейтінін тексереді жəне тексерудің нəтижелерін хабарлайды.
Егер компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде болса, компьютерде ұйқылық күй қысқа уақытқа қосылады да, компьютер өшіріледі. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, күту режимін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 1. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, компьютерді тегіс бет үстінде аударып қойыңыз. 2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз. 3.
Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге қойыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз. Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: ЕСКЕРТПЕ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге қатысты қолданылады. 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4.
7 Сыртқы карталар жəне құрылғылар Жад карталарын оқу құралын пайдалану Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтауға жəне оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютеріңіз қолдау көрсететін жад карталарының пішімдерін анықтау үшін, Компьютермен танысу (4-бет) бөлімін қараңыз.
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз. Смарт карталарды қолдану ЕСКЕРТПЕ: Смарт-карта термині осы тарауда смарт-карталар мен Java™ карталарының екі түрін білдіреді. Смарт карта — жад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі қосалқы құрал. Дербес компьютерлер сияқты смарт карталардың кірісті жəне шығысты басқаратын амалдық жүйелері, сондай-ақ оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғайтын қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.
Смарт картаны шығарып алу ▲ Смарт картаның шеттерінен ұстап, оны смарт карта оқу құралынан сыртқа шығарыңыз. USB құрылғысын пайдалану Əмбебап сериалды шина (USB) USB пернетақтасы, тінтуір, драйвер, принтер, сканер немесе концентратор сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға қолданылатын жабдықтың интерфейсі болып табылады. Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: ▲ USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, құрылғыны күштеп жалғамаңыз. Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге қосу үшін ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін, құрылғының өшірілгендігін жəне айнымалы ток қуаты сымының ажыратылғандығын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз. 2.
2. Қондыру құралындағы қондыру ұяларын компьютердің астындағы қабылдағыштарға дəлдеп, компьютерді қондыру құралына орныққанша төмендетіңіз (2). 3. Қондыру құралын компьютерге бекіту үшін жалғау түймесін басыңыз (1) Компьютер қондыру құралына орныққанда жалғау шамы жанады (2).
8 Дискілер Дискілер ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына сақтық шараларын орындаңыз: ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, ұйқы күйін қосып, экранның өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
Intel Smart Response Technology (тек таңдаулы үлгілерде) Intel® Smart Response технологиясы (SRT) — компьютер жүйесінің жұмысын елеулі түрде жақсартатын Intel® Rapid Storage технологиясы (RST) кэштеу мүмкіндігі. SRT мүмкіндігі SSD mSATA модулі бар компьютерлерді жүйе жады мен қатты диск жетегі арасындағы кэш жады рəтінде пайдалануға мүмкіндік береді.
2. Қатты диск қақпағындағы екі бұранданы (1) бұрап босатыңыз. Қатты диск қақпағын компьютерден сыртқа қарай (2) сырғытыңыз, одан кейін қақпағын (3) алып тастаңыз. Қатты диск қақпағын салу Қатты дискіні ашқаннан кейін, қақпағын жабу. 56 1. Қатты диск қақпағындағы тілдерді (1) компьютердегі ойықтарға келтіріңіз. 2. Қатты диск қақпағын (2) орнына сырғытып, 2 бұрандасын бекітіңіз (3). 3. Батареяны салыңыз (Батареяны салу (43-бет) қараңыз).
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармас бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. Қатты дискіні шығарып алу Қатты дискіні шығару үшін: 1.
2. Қатты дискіні бекіту үшін оның 4 бұрандасын (2) бұрап қатайтыңыз. 3. Қатты диск қақпағын орнына салыңыз (Қатты диск қақпағын салу (56-бет) тарауын қараңыз). 4. Батареяны салыңыз (Батареяны салу (43-бет) қараңыз). 5. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 6. Компьютерді қосыңыз. Қатты дискінің жұмысын жақсарту Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану Компьютерді пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады.
1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз. 2. Бастау экранында диск деп теріңіз. 3. Оптимизация (Оңтайландыру) түймешігін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. HP Support Assistant бөлімін қараңыз.
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады. ● BIOS əкімшісінің құпия сөзі жəне DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату Құпия сөз Қызмет BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: BIOS əкімші құпия сөзін жою мақсатымен мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жоюға болмауы мүмкін. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді қорғайды. Сонымен қатар, ол DriveLock қорғанысын алуға қолданылады. Бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске қосу кезінде орнатылады.
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Change Password (Құпия сөзді өзгерту) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
BIOS əкімші құпия сөзін енгізу BIOS əкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS əкімші құпия сөзін енгізудің 3 сəтсіз əрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, əрекетті қайта орындау қажет.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін тағайындау үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты дискінің компьютерге енгізілгенін қадағалаңыз (қосымша оптикалық құралға немесе сыртқы MultiBay құралына емес). DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған кезде, қолданушы атауыңызды немесе құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Құпия сөзін енгізудің 2 сəтсіз əрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, əрекетті қайта орындау қажет.
DriveLock құпия сөзін өзгерту Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
DriveLock қорғау мүмкіндігін жою Computer Setup утилитасында DriveLock қорғау мүмкіндігін жою үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard Drive Tools (Қатты диск құралдары)> Automatic DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4. BIOS əкімші құпия сөзі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз. 5. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен ішкі қатты дискіні таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін YES (Иə) пəрменін таңдаңыз. 7.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе олардың келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек. Компьютеріңізде Windows Defender алдын ала орнатылған. Компьютерді жан-жақты қорғау үшін вирусқа қарсы бағдарламаны қолдануды жалғастыруға кеңес беріледі. Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз.
тапсырмалар жинағындағы оң жақ таңба арқылы немесе Windows басқару панелі арқылы ашуға болады. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз. Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
● Дисплейдің үстіңгі оң жағында ● Дисплейдің сол жағында Компьютердің үлгісіне байланысты саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан орналасуы мүмкін. Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізуіңізді талап етеді. Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысының орналасқан жері туралы ақпаратты Түймелер, үндеткіштер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) (11-бет) бөлімінен қараңыз.
10 Күтім Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін қосу немесе ауыстыру алдында, BIOS нұсқасының компьютерге жақын арада орнатылғанын тексеріңіз жəне қажет болса BIOS бағдарламасын жаңартыңыз. BIOS нұсқасын жаңарту (85-бет) бөлімін қараңыз.
б. 6. Есікті компьютерден жоғары қарай аздап қисайтыңыз (2), одан кейін есікті (3) компьютерден көтеріп алыңыз. Жад модулін ауыстыратын болсаңыз, бар жад модулін ажыратыңыз: а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды тартып шешіңіз (1). Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
ə. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 7. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 8. 76 Жад модулі бөлімінің қақпағын орнына салу: а. Компьютерді аударып, қатты диск ұясын өзіңізге қаратып, жазық жерге орналастырыңыз. ə. Есіктің тілдерін компьютердің оймағына қатарластырып, есікті компьютердің артына қарай аздап қисайтып сырғытыңыз (1).
б. 9. Қақпақты төмен қарай бұрып (2), 5 бұранданы қатайтыңыз (3). Қатты диск қақпағын орнына салыңыз (Қатты диск қақпағын салу (56-бет) тарауын қараңыз). 10. Батареяны салыңыз (Батареяны салу (43-бет) қараңыз). 11. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 12. Компьютерді қосыңыз.
Тазалау іс рəсімдері Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы компьютерді тазаламаңыз. Компьютерді өшіріңіз. Айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды компьютер беткейіне тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына əкелуі мүмкін.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет. SoftPaq Download Manager құралын пайдалану HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратты қорғау үшін, Windows Backup and Restore бағдарласымен жеке файлдардың жəне қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз, қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз. Жүйе істемей қалғанда, компьютердің мазмұнын сақтық көшірме файлдарымен қалпына келтіруге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді іске қосу əрі бұрын жасалған жүйені жөндеу дискілерін (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows амалдық жүйесінің DVD дискісін сатып алып компьютерді қайта жүктеу жəне амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша ақпарат алу үшін Windows амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану (82-бет) бөлімін қараңыз.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құралдар біржолата жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта орнатылған амалдық жүйені жəне НР бағдарламалары мен драйверлерін қайта орнатады. Зауытта орнатылмаған бағдарламалық құралдарды қайта орнату керек болады. Түпнұсқалық қатты диск кескінін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін: 1.
1. Windows операциялық жүйесінің дискісін шығарып, «Драйверді қалпына келтіру» дискісін шығарып алыңыз. 2. Алдымен Аппараттық құралды қосу драйверлерін, одан кейін ұсынылған бағдарламаларды орнатыңыз. Windows жүйесін жаңарту немесе Windows жүйесін қалпына келтіру мүмкіндіктерін пайдалану Компьютеріңіз дұрыс жұмыс істемей тұрған кезде жəне жүйенің тұрақтылығын қалпына келтіру қажет болғанда, Windows жүйесінің Қалпына келтіру функциясы маңызды ақпаратты қалпына келтіріп, сақтауға мүмкіндік береді.
12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін пайдаланыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді сақтамай шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар. BIOS нұсқасын анықтау Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылғандарынан кейінірек BIOS нұсқаларын қамтитынын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын, əсіресе жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік əкімшімен байланысыңыз. BIOS нұсқасын орнату іс реттері əртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранына файл сөзін жазып, Проводник (Жетектеуші) опциясын таңдаңыз. 2. Тағайындалған қатты дискіні басыңыз.
● Компьютер іске қосылған сайын жаңа жүктеу ретін Computer Setup утилитасында жүктеу ретін өзгерту арқылы орнату үшін. ● Экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басу арқылы жүктеу ретін динамикалық түрде таңдап, Boot Device Options (Құрылғыларды жүктеу мүмкіндіктері) мəзірін ашуға f9 пернесін басу үшін. ● Айнымалы жүктеу реттерін орнатуға MultiBoot Express құралын пайдалану үшін.
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз жəне Select Boot Device (Жүктеу құрылғысын таңдау) мəзірі ашылады. 2. f9 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен жүктеу құрылғысын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. MultiBoot Express кеңестерін орнату Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын MultiBoot бастау мəзірін көрсететіндей етіп орнату үшін, мына əрекеттерді орындаңыз: 1.
үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді жəне амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді. HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін 1. Компьютерді қосып немесе қайта қосып, esc пернесін жылдам басыңыз да, f2 пернесін басыңыз. BIOS бағдарламасы диагностикалық құралдарды үш орыннан төмендегі тəртіпте іздейді: а.
13 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ақпарат немесе HP Support Assistant сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайына өтіңіз. Дүние жүзі бойынша қолдау қызметін пайдалану үшін http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html мекенжайына өтіңіз. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген барлық жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына жабыстырылған, батарея ұяшығында немесе жад модулі бөлімі есігінің астында орналасқан. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
14 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
а Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді жəне жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарды шығарыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы қоспаңыз.
ə Ақаулықтарды жою Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты HP Support Assistant қызметінен табыңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз. АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.
табылады. Ұйқылық күй компьютерде қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін. Осы жəне басқа қуат параметрлерін өзгерту үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Аккумулятор (Батарея) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі желдеткіш компьютердің ішкі бөліктерін салқындату жəне қызып кетудің алдын алу үшін, автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылыпөшірілуі қалыпты жағдай болып табылады. Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді Егер сыртқы құрылғы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі əрекеттерді орындаңыз. ● Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сəйкес қосыңыз. ● Құрылғының барлық сымдары қауіпсіз жалғанып тұрғанын тексеріңіз. ● Құрылғыға электр қуатының келіп тұрғанын тексеріңіз.
басыңыз. Жоқ түймешігі басылғаннан кейін компьютер мына əрекеттердің біреуін жүзеге асырауы мүмкін: ◦ Ойнату жалғасуы мүмкін. – немесе – ◦ Мультимедиа бағдарламасының ойнату терезесі ашылуы мүмкін. Дискіні ойнатуға қайту үшін, дискіні қайта бастауға мультимедиа бағдарламасында Воспроизвести (Ойнату) түймешігін басыңыз. Кейбір жағдайларда бағдарламадан шығып, оны қайта бастауыңыз қажет. Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді 1.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс Таңбалар/Сандар 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылы 27 А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 68 шығарып алу 69 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 37 айнымалы ток адаптері, тексеру 47 Айнымалы ток адаптері/батарея шамы 15 айнымалы ток адаптерін тексеру 47 ақаулықтарды жою дискіге жазу 99 дискіні ойнату 98 сыртқы дисплей 99 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 6 аудио функциялары, тексеру 34 аудио функцияларын тексеру 34 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 6 ауыспалы графикалар 47 Ә əкі
желіаралық қалқан бағдарламалық құралы 70 желі ұясы, анықтау 5 жұмыс ортасы 93 жұмысты аяқтау 38 И Интернет байланысын орнатқыш 20 К кабельдер USB 51 компьютер, сапарға шығу 44, 94 компьютерге күтім көрсету 77 компьютерді өшіру 38 компьютерді сапарға алып шығу 44, 92, 94 компьютерді тазалау 77 концентраторлар 50 корпоративтік WLAN қосылымы 21 көрсетілетін кескін, ауыстырып көрсету 30 Күту қосу 40 шығу 40 күтім Дискіні дефрагментациялау құралы 58 Дискіні тазалау 59 кірістірілген веб-камера шамы, анықтау 7 Қ
пернетақтадағы пернелер тіркесімдері, анықтау 29 пернетақтаның артқы жарығы 30 порттар DisplayPort 5, 36 Miracast 37 USB 3.
C caps lock шамы, анықтау 10 Computer Setup BIOS əкімші құпия сөзі 62 Drivelock құпия сөзі 64 жылжу жəне таңдау 84 зауыттық параметрлерді қалпына келтіру 85 D DisplayPort анықтау 5 DisplayPort, жалғау 36 Drivelock құпия сөзі енгізу 66 өзгерту 67 параметрлер 65 сипаттама 64 шығарып алу 68 N num lk пернесі, анықтау 31 num lock, сыртқы пернетақта 32 num lock пернесінің шамы 9 R RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 5 RJ-45 (желі) шамдары, анықтау 5 S SIM салу 22 SIM карта ұясы, анықтау 15 SoftPaq файлдары, жүктеу 79 F