HP LaserJet Enterprise M607, M608, M609 - User's Guide
Принтердің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Кіріспе
Принтерде конфигурация параметрлеріне кіруге құқылы пайдаланушыларды шектейтін, деректерді
қорғайтын және маңызды аппараттық құралдар компоненттеріне қол жеткізудің алдын алатын бірнеше
қауіпсіздік мүмкіндігі бар.
●
Қауіпсіздік мәлімделері
●
IP қауіпсіздігі
●
Әкімші құпия сөзін тағайындау
●
Шифрлау қолдауы: HP өнімділігі жоғары қауіпсіз қатты дискілері
●
Пішімдеушіні құрсаулау
Қауіпсіздік мәлімделері
Принтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, желіңіздегі аса маңызды ақпаратты қорғауға және принтерді
бақылау мен оған қызмет көрсету тәсілін жеңілдетуге көмектесетін қауіпсіздік стандарттар және
ұсынылған протоколдар қолданылады.
IP қауіпсіздігі
IP қауіпсіздігі (IPsec) принтерден шығатын және өнімге келетін IP негізделген желілік трафикті бақылайтын
протоколдар жиынтығы болып табылады. IPsec хостқа-хост танылуын, деректердің тұтастығын және
желілік байланыстардың шифрлеуін қамтамасыз етеді.
Желіге қосылған және HP Jetdirect басып шығару сервері бар принтерлерде IPsec параметрлерін
HP ендірілген веб-серверінің Networking (Желіге қосылу) қойындысын пайдаланып реттеуге болады.
Әкімші құпия сөзін тағайындау
Рұқсаты жоқ пайдаланушылар принтер параметрлерін өзгерте алмауы үшін, принтерге және HP ендірілген
веб-серверіне өтуге арналған әкімші құпия сөзін тағайындаңыз.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты түрленеді.
1
2
KKWW Принтердің қауіпсіздік мүмкіндіктері 93










