HP LaserJet Enterprise M607, M608, M609 - User's Guide
3. Бұрын басылып шығарылған немесе көшірілген қағазды қайта қолданбаңыз.
4. Науаның толтырылғанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар жинағын шығарыңыз,
жинақты тікейтіп, науаға кейбір қағаздарды қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз жинағын майыстырмай, оларға тиіп тұратындай реттеңіз.
6. Науа принтерге толық салынғанын тексеріңіз.
7. Егер ауыр, дөңес немесе тесігі бар қағаз басып шығарсаңыз, бір мезгілде қолмен беру мүмкіндігін
және бір парақ беру мүмкіндігін пайдаланыңыз
.
8. Принтердің басқару панеліндегі Trays (Науалар) мәзірін ашыңыз. Науаның қағаз түріне және
өлшеміне дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
9. Басып шығару ортасының ұсынылған спецификацияларда болуын тексеріңіз.
1-науадағы кептелген қағаздарды тазалау
Төмендегі ақпарат кептелген қағазды 1-науадан алу жолын сипаттайды. Кептеліс пайда болғанда, басқару
тақтасында келесі хабар мен кептелісті жоюға көмектесетін анимация көрсетіледі.
●
13.A1.XX 1-науадағы кептеліс
1. Егер кептелген қағаз 1-науадан көрінсе, қағазды
тіке ақырын тартып алып, кептелген қағаздан
тазалаңыз.
116 6-тарау Проблемаларды шешу KKWW










