HP LaserJet Enterprise M607, M608, M609 - User's Guide

2-қадам: Ортаны тексеру
Қоршаған орта баспа сапасына тікелей әсер етуі мүмкін және баспа сапасы немесе қағаз беру мәселелері
туындауы мүмкін. Төмендегі шешімдерді орындап көріңіз:
Принтерді ашық терезелер немесе желдеткіштер сияқты өтпе жел бар орындардан әрі жылжытыңыз.
Принтердің принтер спецификациясынан тыс температураларға не ылғалдыққа шығарылмағанын
тексеріңіз.
Принтерді шкаф сияқты қоршалған орынға қоймаңыз.
Принтерді тегіс әрі қатты жерге орналастырыңыз.
Принтердің желдеткіштерін бітейтін кез келген затты алып тастаңыз. Принтер жоғарғы жағымен қоса
барлық жақтарында жақсы ауа ағынының болуын қажет етеді.
Принтерді ауадағы радиоактивті заттардан, шаңнан, будан, майдан немесе принтердің ішінде қалдық
қалдыратын басқа элементтерден қорғаңыз.
Үшінші қадам: жеке науа туралануын орнату
Нақты науалардан басып шығарғанда мәтін немесе суреттер басып шығарылған бетте ортада болмаса
немесе дұрыс тураланбаса, мына қададарды орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірін ашыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Басып шығару
Баспа сапасы
Суретті тіркеу
3. Реттелетін науаны таңдаңыз.
4. Print Test Page (Сынақ бетін басып шығару) опциясын таңдап, басып шығарылған беттердегі
нұсқауларды орындаңыз.
5. Нәтижелерді тексеру үшін, Print Test Page (Сынақ бетін басып шығару) опциясын таңдап, қажет болса,
басқа реттеулерді орындаңыз.
6. Параметрлерді сақтау үшін Done (Дайын) түймесін таңдаңыз
Басқа принтер драйверін қолданып көру
Бағдарламалық құралдан басып шығарып жатқан болсаңыз және басып шығарылған беттерде
сызбалардағы күтпеген сызықтар, мәттіннің болмауы, сызбалардың болмауы, дұрыс емес пішім немесе
өзгертілген қаріптер туындаса, басқа принтер драйверін қолданып көріңіз.
HP веб-торабынан төмендегі драйверлердің кез келгенін жүктеп алыңыз: www.hp.com/support/ljM607,
www.hp.com/support/ljM608, or www.hp.com/support/ljM609.
138 6-тарау Проблемаларды шешу KKWW