HP LaserJet Enterprise M607, M608, M609 - User's Guide

3. Paper/Quality (Қағаз/сапа) қойындысын басып, Print Quality (Басып шығару сапасы) аймағын табыңыз.
4. Бүкіл бет тым күңгірт болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:
600 dpi опциясын таңдаңыз.
Оны қосу үшін EconoMode құсбелгісін қойыңыз.
Бүкіл бет тым ашық болса, мына параметрлерді пайдаланыңыз:
FastRes 1200 опциясын таңдаңыз.
Оны өшіру үшін EconoMode құсбелгісін алыңыз.
5. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін басыңыз.
Басып шығару тығыздығын реттеу
Басып шығару тығыздығын реттеу үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірін ашыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Басып шығару
Баспа сапасы
Тонер қоюлығы
3. Жүгірткіні Less (Аз) немесе More (Көп) күйіне жылжытумен қажетті тығыздық параметрін орнатыңыз.
140 6-тарау Проблемаларды шешу KKWW