HP LaserJet Enterprise M607, M608, M609 - User's Guide

3. Науаға парақты салыңыз. Бағыттағыштардың
бумаға майыспай, тиіп тұрғанын көз жеткізу үшін
қағазды тексеріңіз. Қағазды бағыттау жолдары
туралы ақпаратты 2-2-Кесте 2-науа және 550
парақтық науалар қағаз бағыты (28-бет)
бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кептелуге жол бермеу үшін науаны
толтырып жібермеңіз. Буманың жоғарғы жағы
науаның толық көрсеткішінен төмен екендігін
тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер науа дұрыс реттелмесе, басып
шығару кезінде қателік хабары шығады немесе
қағаздың кептелуі мүмкін.
4. Науаны жабыңыз.
5. Принтердің басқару тақтасында науаны
конфигурациялау туралы хабар көрсетіледі.
6. Анықталған түр мен өлшемді қабылдау үшін OK
түймешігін түртіңіз немесе басқа қағаз өлшемін
немесе түрін таңдау үшін Modify (Өзгерту)
түймешігін түртіңіз.
Принтердің басқару тақтасында ескерту
көрсетілгенде, өзгертпелі өлшемді қағаз үшін X
және Y өлшемдерін көрсетіңіз.
X
Y
7. Дұрыс түр мен өлшемді таңдаңыз да, OK
түймешігін түртіңіз.
KKWW 2-науаға қағаз жүктеу 27