HP LaserJet Enterprise M607, M608, M609 - User's Guide

Қапсырмалы аксессуарды конфигурациялау
Төмендегі ақпаратта қапсырмаларды салу және қапсырмалау қорап аксессуарының параметрлерін реттеу
әдісі сипатталады.
Қапсырмалы аксессуар құжаттарды жоғарғы сол немесе жоғарғы оң жақ бұрыштарынан қыстырады және
үш шығыс қалтада 1000 парақ қағазды ұстап тұра алады. Шығыс қалтаның үш режимдік конфигурация
опциялары бар: жинақтағыш режим, пошта жәшігі режимі немесе функция бөлу режимі.
Әдепкі қапсырма орнын теңшеу
Жұмыс режимін конфигурациялау
Әдепкі қапсырма орнын теңшеу
1. Settings (Параметрлер) мәзірін ашыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Степлерді/Жинақтағышты басқару
Степлермен бекіту
3. Параметрлер тізімінен степлермен бекіту орнын таңдап, Save (Сақтау) немесе OK параметрін
таңдаңыз. Келесі опцияларды таңдауыңызға болады:
None (Ешбір): қапсырмалар жоқ
Top left or right (Жоғарғы сол не оң жақ): егер құжатта кітаптық бағыт болса, қапсырма қағаздың
қысқа жиегінің жоғарғы сол жағында болады. Егер құжатта альбомдық бағыт болса, қапсырма
қағаздың ұзын жиегінің жоғарғы оң жағында болады.
Top left (Жоғарғы сол жақ): қапсырма қағаздың қысқа жиегінің жоғарғы сол жақ бұрышында
болады.
Top right (Жоғарғы оң жақ): қапсырма қағаздың ұзын жиегінің жоғарғы оң жақ бұрышында
болады.
1
2
1 Қағаздың қысқа жиегінің жоғарғы сол жақ бұрышы
2 Қағаздың ұзын жиегінің жоғарғы оң жақ бұрышы
KKWW Қапсырмалы аксессуарды конфигурациялау 37