HP LaserJet Enterprise M607, M608, M609 - User's Guide
3. Сол жақтағы шарлау тақтасында Manage Supplies (Жабдықтарды басқару) түймесін басыңыз.
4. Жабдық параметрлері аймағынан Authorized HP (Өкілетті HP) опциясын Cartridge Policy (Картридж
саясаты) ашылмалы тізімінен таңдаңыз.
5. Өзгерістерді сақтау үшін Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
Картридж саясаты функциясын өшіру үшін HP ендірілген веб-серверін (EWS) пайдалану
ЕСКЕРТПЕ: қадамдар басқару панелінің түріне байланысты түрленеді.
1
2
1 Пернетақта басқару тақтасы
2 Сенсорлы экран басқару тақтасы
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а.
Пернетақта басқару тақталары: принтер басқару тақтасында түймесін басып, Ethernet
мәзірін таңдауға көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз. Мәзірді ашу үшін OK түймесін басып, IP
мекенжайын немесе хост атауын көрсетіңіз.
Сенсорлы экранның басқару панельдері: IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін
принтердің басқару тақтасында түймесін басып, одан кейін белгішесін түртіңіз.
ә. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін
хабарды береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру
компьютерге зақым келтірмейді.
2. Print (Басып шығару) қойындысын ашыңыз.
3. Сол жақтағы шарлау тақтасында Manage Supplies (Жабдықтарды басқару) түймесін басыңыз.
4. Жабдық параметрлері аймағынан O (Өшірулі) опциясын Cartridge Policy (Картридж саясаты)
ашылмалы тізімінен таңдаңыз.
5. Өзгерістерді сақтау үшін Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
46 3-тарау Жабдықтар, керек-жарақтар және бөлшектер KKWW










