HP LaserJet Enterprise M607, M608, M609 - User's Guide
Картриджді қорғау функциясын қосу үшін HP ендірілген веб-серверін (EWS) пайдалану
ЕСКЕРТПЕ: қадамдар басқару панелінің түріне байланысты түрленеді.
1
2
1 Пернетақта басқару тақтасы
2 Сенсорлы экран басқару тақтасы
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а.
Пернетақта басқару тақталары: принтер басқару тақтасында түймесін басып, Ethernet
мәзірін таңдауға көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз. Мәзірді ашу үшін OK түймесін басып, IP
мекенжайын немесе хост атауын көрсетіңіз.
Сенсорлы экранның басқару панельдері: IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін
принтердің басқару тақтасында түймесін басып, одан кейін белгішесін түртіңіз.
ә. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін
хабарды береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру
компьютерге зақым келтірмейді.
2. Print (Басып шығару) қойындысын ашыңыз.
3. Сол жақтағы шарлау тақтасында Manage Supplies (Жабдықтарды басқару) түймесін басыңыз.
4. Жабдық параметрлері аймағынан Protect cartridges (Картридждерді қорғау) опциясын Cartridge
Protection (Картридж қорғанысы) ашылмалы тізімінен таңдаңыз.
5. Өзгерістерді сақтау үшін Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТУ: принтер үшін картридж қорғанысын қосқаннан кейін принтерге орнатылатын кейінгі
тонерлі картридждер автоматты және тұрақты түрде қорғалады. Жаңа картридждің қорғалуына
жол бермеу үшін жаңа картридж орнату алдында бұл функцияны өшіріңіз.
Функцияны өшіру ағымдағы орнатылған картридждер үшін қорғанысты өшіріп тастамайды.
48 3-тарау Жабдықтар, керек-жарақтар және бөлшектер KKWW










