HP LaserJet Enterprise M607, M608, M609 - User's Guide
USB портынан басып шығару
Кіріспе
Бұл принтерде оңай ашылатын USB құрылғысынан басып шығару мүмкіндігі бар, сондықтан файлдарды
компьютерден жібермей жылдам басып шығаруға болады. Принтер басқару панелінің қасындағы USB
портына стандартты USB флэш-дискілерін қабылдайды. Ол келесі файл түрлерін қолдайды:
●
.pdf
●
.prn
●
.pcl
●
.ps
●
.cht
USB портын басып шығару үшін қосу
USB порты әдепкіде өшірулі болады. Мүмкіндікті пайдаланудың алдында USB портын қосыңыз. Портты
қосу үшін, келесі әдістердің бірін пайдаланыңыз:
Бірінші әдіс: USB портын өнімнің басқару панеліндегі мәзірлер арқылы қосу
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Settings (Параметрлер) мәзірін ашыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
USB параметрлері
●
USB құрылғысының параметрлерін басып шығару
●
USB құрылғысынан басып шығаруды қосу
3. Enabled (Қосылған) опциясын таңдаңыз.
Екінші әдіс: USB портын HP ендірілген веб-серверінен қосу (тек желіге қосылған принтерлер)
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты түрленеді.
1
2
1 Пернетақта басқару тақтасы
2 Сенсорлы экран басқару тақтасы
76 4-тарау Басып шығару KKWW










