HP LaserJet Enterprise M607, M608, M609 - User's Guide
Кесте 5-2 HP ендірілген веб-серверінің General (Жалпы) қойындысы (жалғасы)
Мәзір Сипаттама
Жалпы параметрлер Принтердің кептелістерден қалпына келу әдісін және принтер басқару тақтасында
басталатын көшіру тапсырмалары басып шығару тапсырмаларынан жоғары
тұратындығын реттеңіз.
Автожіберу Принтерді принтердің конфигурациясы мен жабдықтарға қатысты
автоматтандырылған электрондық хаттарды белгілі бір электрондық пошта
мекенжайларына жіберуге конфигурациялаңыз.
Басқа сілтемелерді өңдеу Басқа веб-торабына сілтеме қосыңыз немесе өзгертіңіз. Бұл сілтеме бүкіл
HP ендірілген веб-сервер беттерінің колонтитул аймағында көрсетіледі.
Тапсырыс беру туралы ақпарат Жаңа тонер картридждеріне тапсырыс беру туралы ақпаратты енгізіңіз. Бұл ақпарат
жабдықтардың күйі бетінде көрсетіледі.
Құрылғы туралы ақпарат Принтерге ат беріп, оған мүлік нөмірін тағайындаңыз. Принтер туралы ақпаратты
алатын басты контактінің есімін енгізіңіз.
Тіл HP енгізілген веб-серверінің ақпараты шығарылатын тілді белгілеңіз.
Күн/уақыт параметрлері Күн мен уақыт ақпаратын енгізіңіз немесе желі уақытының серверімен
қадамдастырыңыз.
Қуат параметрлері Принтердің ояну уақыты, күту режимі және күту кідірісін орнатып немесе өзгертіңіз.
Аптаның әр күніне немесе демалыс күндеріне әр түрлі жоспар тағайындаңыз.
Принтермен қандай өзара әрекеттесулер оны ұйқы режимінен оятатынын орнатыңыз.
Сақтық көшірмесін жасау және қалпына
келтіру
Принтер және пайдаланушы деректері файлының сақтық көшірмесін жасаңыз. Қажет
болса, бұл файлды принтердің деректерін қалпына келтіру үшін пайдалана аласыз.
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру Принтердің параметрлерін зауыттық әдепкі мәндеріне қайтару.
Шешім орнатқыш Принтер функциясын өзгертетін немесе кеңейтетін үшінші тараптың бағдарламалық
құрал бумаларын орнатыңыз.
Микробағдарламаны жаңарту
(Обновление микропрограммы)
Принтердің ақпараттық құралын жаңартатын файлдарды жүктеп алып, оларды
орнатыңыз.
Квота және статистика қызметтері
(Службы квот и статистики)
Үшінші тараптың тапсырма бойынша статистикалық мәліметтер қызметтерінің
байланыс ақпаратын береді.
Басып шығару қойындысы
Кесте
5-3 HP ендірілген веб-серверінің Print (Басып шығару) қойындысы
Мәзір Сипаттама
USB құрылғысының параметрлерін басып
шығару
Басқару панеліндегі Print from USB Drive (USB құрылғысынан басып шығару) мәзірін
қосыңыз немесе өшіріңіз.
Сақталған тапсырмаларды басқару Принтер жадында тапсырмаларды сақтау мүмкіндігін қосыңыз немесе өшіріңіз.
Тапсырма сақтау параметрлерін реттеңіз.
Әдепкі басып шығару опциялары Басып шығару тапсырмалары үшін әдепкі опцияларды реттеңіз.
Қағаз түрлерін реттеу Арнайы қағаз түрін пайдаланған кезде баспа сапасында қиындықтар туындаса,
зауыттық әдепкі режим параметрлерінен бас тартыңыз.
KKWW HP ендірілген веб-сервері (EWS) арқылы қосымша конфигурациялау 83










