HP LaserJet Enterprise M607, M608, M609 - User's Guide
Кесте 5-7 HP ендірілген веб-серверінің Networking (Желіге қосылу) қойындысы (жалғасы)
Мәзір Сипаттама
Басқ. Протоколдар Осы принтердің қауіпсіздік протоколдарын, оның ішінде келесілерді
конфигурациялаңыз және басқарыңыз:
●
HP ендірілген веб-серверінің қауіпсіздікті басқару деңгейін орнатып, HTTP және
HTTPS арқылы трафикті басқарыңыз.
●
SNMP (Қарапайым желі басқару протоколы) жұмысын конфигурациялаңыз. SNMP
v1/v2c немесе SNMP v3 агенттерін басып шығару серверінде қосыңыз немесе
өшіріңіз.
●
Басып шығару протоколдары, басып шығару серверлері, ашу протоколдары, ат
ажыратымдылығы қызметтері және конфигурация басқару протоколдары
сияқты қауіпсіз болмауы мүмкін протоколдар арқылы қатынасты басқарыңыз.
802.1X аутентификациясы Jetdirect баспа серверінде 802.1X аутентфикациясының параметрлерін желідегі клиент
аутентификациясына қажет еткендей реттеңіз және 802.1X аутентификациясы
параметрлерінің зауыттық әдепкі мәндерін қалпына келтіріңіз.
ЕСКЕРТУ: 802.1X аутентификация параметрлерін ауыстыру кезінде; принтер
байланысты жоғалтуы мүмкін. Байланысты қайта орнату үшін, принтерді зауыттық
әдепкі параметрлер күйіне қайта келтіріп, принтерді қайта орнату талап етілуі мүмкін.
IPsec/Firewall Брандмауэр саясатын немесе IPsec/Брандмауэр саясатын көріңіз немесе
конфигурациялаңыз.
Хабарлау агенті HP құрылғысының хабарлау агентін қосыңыз не өшіріңіз, конфигурациялық серверді
орнатыңыз және куәліктер арқылы өзара аутентификацияны реттеңіз.
Диагностика
Желі статистикасы HP Jetdirect баспа серверіне жиналған және сақталған желі статистикасын көрсетіңіз.
Протокол ақпараты HP Jetdirect баспа серверінен әр протокол үшін желі конфигурациясы параметрлерінің
тізімін қараңыз.
Теңшелім беті Күй мен конфигурация туралы ақпаратты қамтитын HP Jetdirect конфигурациялық
бетін қараңыз.
Other Links (Басқа сілтемелер) тізімі
ЕСКЕРТПЕ: General (Жалпы) қойындысындағы Edit Other Links (Басқа сілтемелерді өңдеу) мәзірін
пайдаланып HP ендірілген веб-сервері колонтитулында қай сілтемелер көрсетілетінін реттеңіз.
Төмендегілер — әдепкі сілтемелер.
Кесте 5-8 HP ендірілген веб-серверінің Other Links (Басқа сілтемелер) тізімі
Мәзір Сипаттама
Өнімді қолдау Әртүрлі тақырыптарға байланысты анықтамалық ақпарат іздеу үшін принтердің
қолдау көрсету сайтына кіріңіз.
Жабдықтар дүкені Тонер картридждері мен қағаз сияқты түпнұсқа НР жабдықтарын сатып алу бойынша
мәліметтерді алу үшін HP SureSupply веб-торабына қосылады.
HP шұғыл қолдау қызметі Принтердің ақаулықтарына шешім табуыңызға көмек көрсету үшін сізді HP веб-
сайтына кіріңіз.
KKWW HP ендірілген веб-сервері (EWS) арқылы қосымша конфигурациялау 87










