Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2014 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel — Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft жəне Windows — Microsoft компаниялары тобының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурациялық параметрлері (тек таңдаулы үлгілерде). МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютерлердің таңдаулы үлгілері Intel® Pentium® N35xx немесе Celeron® N28xx/N29xx сериялы процессормен жəне Windows® амалдық жүйесімен жабдықталған. msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды. Түпнұсқалық параметрлерді қалпына келтіру үшін, зауыттық қалпына келтіруді жүзеге асыру қажет.
vi Процессордың конфигурациялық параметрлері (тек таңдаулы үлгілерде).
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ............................................................................................................................ 1 HP Apps Store дүкеніне өту ................................................................................................................ 1 Ең жақсы тəжірибе .............................................................................................................................. 1 Қызықты əрекеттер .............................................
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ....................... 23 Сымды желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде) ........................................................................... 23 Жергілікті желіге (LAN) қосылу ...................................................................................... 23 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану .................................................................................................. 25 Мультимедиа мүмкіндіктері .......
Зауытта пломбаланған батарея ....................................................................................... 42 Батарея туралы ақпаратты табу ...................................................................................... 42 Батарея қуатын үнемдеу .................................................................................................. 43 Батарея зарядының төмен деңгейлерін анықтау ........................................................... 43 Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу ...
9 Setup Utility (BIOS) жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану ................................................ 56 Setup Utility (BIOS) утилитасын басу ............................................................................................... 56 BIOS нұсқасын жаңарту .................................................................................................................... 56 BIOS нұсқасын анықтау ........................................................................................
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді жəне көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты əрекеттер жəне қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Қызықты əрекеттер 2 ● Компьютерден YouTube торабында бейне көруге болатынын білесіз. Ал, компьютерді теледидарға немесе ойын консоліне жалғауға болатынын білесіз бе? Қосымша ақпаратты Видео құрылғыларын HDMI кабелін пайдалану арқылы қосу (28-бет) бөлімінен қараңыз. ● Сондай-ақ, компьютерден музыка тыңдауға болатынын білесіз.
Қосымша HP ресурстары Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын жəне қосымша мəліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Ресурстар 2. Мазмұны Мой компьютер (Компьютерім), одан кейін Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз. Шектеулі кепілдік* ● Бұл компьютер туралы арнаулы кепілдік ақпараты Бұл құжатты ашу үшін: 1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз. – немесе – Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін түртіңіз. 2.
2 Компьютермен танысу Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы мəліметтерді табу Аппараттық құралды табу Компьютерде орнатылған аппараттық құралдардың тізімін көру үшін: 1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) пəрменін таңдаңыз. 2. Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) пəрменін, Система (Жүйе) пəрменін таңдаңыз, одан кейін сол жақ бағанда Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) тармағын нұқыңыз.
Оң жақ Бөлік (1) (2) Сипаттама Қуат шамы Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс (микрофон) ұясы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі.
Сол жақ Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Қуат жалғағышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (3) Айнымалы ток адаптерінің шамы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядтаулы. ● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядталуда.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (2) WWAN антенналары (2)* Сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар Дыбыс жазады. (4) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда. (5) Веб-камера Бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді. Кейбір модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға болады.
Жоғарғы жағындағы Touchpad Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды. ЕСКЕРТПЕ: Сенсорлы тақта жиектен жүргізу қимылдарын да қолдайды. Қосымша ақпаратты Саусақты жиектен жылжыту (34-бет) бөлімінен қараңыз. (2) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймесі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймесі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) 10 Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. (2) Caps lock шамы ● Қосулы: пернелердің барлығын бас əріп ететін «Caps lock» пернесі басылған.
Түймешіктер Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі esc пернесімен бірге басқанда немесе таңдаулы үлгілерде бос орын пернесімен бірге басқанда, жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: орналасады. ● Осы бөлімде сипатталған барлық жапсырмалар компьютердің астында Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді. Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін.
Бөлік ● (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмір (3) Өнім нөмірі (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель нөмірі (тек таңдаулы үлгілерде) Microsoft аутентификация қуəлігі жапсырмасы (Windows 8 нұсқасынан бұрын шыққан таңдаулы үлгілерде) – Windows өнім кілтін қамтиды. Өнім кілті амалдық жүйені жаңарту немесе ақаулықтарын жою үшін қажет болуы мүмкін. Windows 8 немесе Windows 8.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Компьютерде сымсыз байланыс түймесі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар жəне кейбір үлгілерде бір немесе екі сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта қосылады жəне компьютеріңіздің сымсыз байланыс шамы болса, ол қосылғанда, сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Сымсыз байланыс шамының түсі ақ болса, кемінде бір сымсыз құрылғы қосулы.
Бір желідегі дискілерді бөлісу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы желі күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен басыңыз. 2. Открыть центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пəрменін таңдаңыз. 3. Просмотр активных сетей (Белсенді желілерді көру) ішінен белсенді желіні таңдаңыз. 4.
WLAN құрылғысын қолдану WLAN құрылғысымен сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы байланыстырылған басқа компьютерлерден жəне қосалқы құралдардан құрылған сымсыз жергілікті желіге (WLAN) кіруге болады. ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз жол жоспарлағышы жəне сымсыз кіру нүктесі жиі өзара ауыстырылатын күйде қолданылады.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРТПЕ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін бастау экранында справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. 2.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP мобильді кең жолақты модулі компьютерге WLAN желілерімен салыстырғанда WWAN арқылы Интернетке көбірек орындардан жəне үлкенірек аймақтардан кіруге мүмкіндік береді. HP мобильді кең жолақты байланысы, көптеген жағдайларда ұялы байланыс операторы болып табылатын, (ұялы байланыс операторы деп аталатын) желі қызметінің провайдерін қажет етеді. НР мобильді кең жолақты желісінің қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен бірдей.
7. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында түскенше SIM науасын компьютерге қарай итеріңіз. ЕСКЕРТПЕ: мүмкін. Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, SIM картасы ұясындағы суретті қараңыз. 8. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 9. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 10. Компьютерді қосыңыз. Sim картасын шығарып алу үшін жоғарыда көрсетілген SIM картасын науасын шығару нұсқауларын орындаңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау жəне басқару, бейнефильмдерді жүктеу жəне көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, үндеткіштер, гарнитура, монитор, проектор, теледидар жəне таңдаулы үлгілерге жоғары ажыратымдылықты құрылғыларды жалғаңыз. Мультимедиа мүмкіндіктері Төменде осы компьютердің бірнеше көңіл көтеру мүмкіндіктері көрсетілген.
Бөлік Сипаттама (4) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті немесе жоғары жылдамдықты HDMI құрылғысы сияқты қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын қосады. (5) USB 3.0 порттары Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы USB 3.0 портына жалғанады. (6) USB 2.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
Веб-камераны пайдалану Компьютердің кірістірілген веб-камерасы бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді. Кейбір модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен онлайн чат сеанстарын ұйымдастыруға болады. ▲ Веб-камераны пайдалану үшін, Бастау экранынан камера сөзін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Камера тармағын таңдаңыз. Веб-камераны қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) бөліміне өтіңіз.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранына звук (дыбыс) cөзін жазыңыз, одан кейін Звукозапись (Дыбыс жазба) опциясын таңдаңыз. 2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. 3. Файлды жұмыс үстеліне сақтаңыз. 4. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз жəне дыбысты ойнатыңыз. Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін: 1.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз: ● Тек компьютер: Экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру. ● Тек сыртқы құрылғы: Экрандағы кескінді сыртқы құрылғыдан көру.
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Speakers (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Playback devices (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2. Playback (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз. 3. Set Default (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
5 Экранда шарлау Компьютер экраны бойынша келесі əдістермен жылжуға болады: ● Түрту қимылдары ● Пернетақта жəне тінтуір Түрту қимылдарын компьютеріңіздің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) қолдануға болады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз. Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы əрекет пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Түрту Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтадағы түрту функциясын қолданыңыз. ● Экрандағы бір элементке меңзерді апарып, таңдау үшін бір саусақпен сенсорлы тақта аймағын түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. ● 32 Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
2 саусақ көмегімен қысып масштабтау 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жанжаққа жылжытыңыз.
2 саусақпен басу 2 саусақпен басу экрандағы нысан үшін мəзір таңдауларын жасауға мүмкіндік береді. ЕСКЕРТПЕ: 2 саусақпен басу қимылын пайдалану – тінтуірдің оң түймесін басу сияқты əрекет. ● Таңдалған нысан үшін мəзір пəрмендерінің тізімін ашу мақсатымен сенсорлы тақта аймағына екі саусақты қойып басыңыз. Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Сенсорлы тақта аймағына екі саусағыңызды бөлек қойыңыз.
Шебер түймені көрсету жəне таңдау Шебер түймелерін қолданып, сіздің іздеуге, бөлісуге, құралдарды қолдануға немесе баптауларды реттеуге мүмкіндігіңіз болады. 1. Саусағыңызбен сенсорлы тақтаны оң жақтан солға қарай сипаңыз. 2. Шебер түймелері арасында ауысып қосылу үшін жоғары не төмен сырғытыңыз да, қалаған шебер түймесін таңдаңыз.
Реттеу белгісін көрсету Саусағыңызбен жоғарғы жиектен жылжыту бастау экранының төменгі жағындағы Customize (қалауыңыз бойынша жасақтау) таңбасын ашу мүмкіндігін береді. Customize (қалауыңыз бойынша жасақтау) қолданбаларды жылжыту, олардың өлшемін өзгерту, экранға қадау немесе экраннан босату мүмкіндіктерін ұсынады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қолданба белсенді болған кезде, үстіңгі жиектегі қимыл қолданбаға байланысты əртүрлі болады.
Ашық бағдарламалар арасында ауысу Сол жақ жиекті сипау арқылы жақында ашылған бағдарламалар тізімін көрсетіп, оларға жылдам ауыса аласыз. ● Саусақты сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен жылжытыңыз. Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану Пернетақта жəне тінтуір (бөлек сатылады) арқылы теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға жəне сенсорлы қимылдар арқылы орындалатын функцияларды жүзеге асыруға болады.
ЕСКЕРТУ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде сақ болыңыз. Қателер компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility (BIOS) құралында ажыратуға болады. Setup Utility (BIOS) тармағын ашуға қатысты нұсқаулар алу үшін, Setup Utility (BIOS) жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану (56-бет) бөлімін көріп, экранның төменгі жағындағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows жүйесінің пернелер тіркесімдерін пайдалану Windows жүйесі əрекеттерді жылдам орындау үшін пернелер тіркесімдерін қамтамасыз етеді. Арнайы əрекетті орындау үшін, Windows пернесінің өзін немесе арнайы пернемен бірге басыңыз. Пернелер тіркесімдерін пайдалану Жылдам перне — fn пернесі мен esc пернесінің немесе бос орын пернесінің тіркесімі. Пернелер тіркесімін пайдалану үшін: ▲ fn пернесін басып қалып, пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып қалыңыз.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса жəне батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау жəне үнемдеу өте маңызды. Қуат үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану жəне үнемдеу жолын басқару үшін компьютерде оңтайлы қуат жоспары қолданылады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты компьютерде жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады. Күту күйін қолмен бастау жəне шығу (тек таңдаулы үлгілерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пəрменін пайдаланыңыз. 1. Бастау экранында параметры питания (қуат параметрлері) сөздерін теріңіз, содан Параметры питания (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2.
● Батарея зарядының қалған деңгейін жəне Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз. ● Қуат параметрлерін пайдалану үшін, қуат көрсеткіші белгішесін басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз. Бастау экранында параметры питания сөздерін теріңіз, содан Параметры питания (қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
Батарея қуатын үнемдеу Батарея қуатын үнемдеуге жəне батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға қатысты келесі кеңестерді пайдаланыңыз: ● Экранның жарықтығын төмендетіңіз. ● Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Power saver (Қуат үнемдегіші) параметрін таңдаңыз. ● Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз. ● USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу Күту күйінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жетпеген кезде, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Айнымалы ток адаптерін компьютер мен сыртқы қуат көзіне жалғаңыз. 2. Қуат түймешігін басып күту күйінен шығыңыз. Сыртқы айнымалы ток қуатын іске қосу Айнымалы ток көзіне қосу туралы ақпаратты компьютер қорабының ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 3. Компьютерді қосыңыз. ● Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр. ● Қуат шамдары өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері мен компьютер арасындағы жəне айнымалы ток адаптері мен розетка арасындағы қосылысты тексеріңіз.
46 ● ctrl+alt+delete пернелерін басып, Питание (Қуат) белгішесін басыңыз, содан кейін Завершение работы (Өшіру) тармағын таңдаңыз. ● Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз. ● Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді күту мақсатында Дискіні дефрагментациялау жəне Дискіні тазалау сияқты құралдарды пайдаланып, арқылы оңтайлы күйде сақтау үшін, жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды. Сонымен қатар, бұл тарауда бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту туралы ақпарат, планшетті тазалау нұсқаулары жəне планшетпен сапар шегу (планшетті тасымалдау) бойынша кеңестер қамтылған.
Дискіні тазалау құралын пайдалану Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Disk Cleanup құралы қатты дискіден қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады. Дискіні тазалау құралын қосу: 1. Пуск (Бастау) экранына диск сөзін жазып, Удалить приложения, чтобы освободить место на диске (Дискте орын босату үшін бағдарламаларды жою) опциясын таңдаңыз. 2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Тазалау іс рəсімдері Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы компьютерді тазаламаңыз. ● Компьютерді өшіріңіз. ● Айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. ● Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды компьютер беткейіне тікелей шашпаңыз.
◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. ◦ Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді компьютерден бөлек ұстаңыз. ● Ұшақпен саяхаттау кезінде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде тасымалдауға болмайды. ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің əсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар қауіпсіздік құрылғылары əуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады.
8 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS) құралы жəне басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден жəне зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: болмауы мүмкін.
Экранды қорғағыш сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпаратты алу үшін, бастау экранына с деп жазып, Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) опциясын таңдаңыз. Windows жүйесінде құпиясөздерді орнату Құпиясөз Қызмет Пайдаланушы құпиясөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды. Сондай-ақ, компьютерді ұйқы немесе күту күйінен шыққанда пайдаланушы құпия сөзі сұралатындай етіп орнатуға болады. Қосымша ақпаратты Оянған кезде сұралатын құпия сөзбен қорғау (41-бет) бөлімінен қараңыз.
1. Setup Utility (BIOS) утилитасын компьютерді қосу немесе өшіріп, қайта қосу арқылы ашыңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Безопасность (Қауіпсіздік) пəрменін таңдау үшін көрсеткі пернелерді басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату Қауіпсіздік мəселелерін шешу жəне бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін, компьютерге орнатылған HP компаниясының, Windows амалдық жүйесінің жəне үшінші тарап бағдарламалық құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз. Қосымша ақпаратты Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту (48-бет) бөлімінен қараңыз. Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату ЕСКЕРТУ: Microsoft маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді.
Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабель құлпының орналасқан жері туралы ақпаратты Компьютермен танысу (5-бет) бөлімінен қараңыз. 1. Қауіпсіздік кабель құлпын қорғалатын затқа ораңыз. 2. Кілтті (1) қауіпсіздік кабель құлпына (2) салыңыз. 3. Қауіпсіздік кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны кілтпен жабыңыз. 4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
9 Setup Utility (BIOS) жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді жəне амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді. HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін 1.
4. Компьютер үлгісін жəне амалдық жүйе түрін таңдаңыз. 5. Diagnostic (Диагностикалық) бөлімде HP UEFI Support Environment (HP UEFI қолдау ортасы) пəрменін таңдаңыз. – немесе – Download (Жүктеу) түймешігін басыңыз, одан кейін Run (Орындау) опциясын таңдаңыз.
10 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру Бұл тарауда келесі үрдістер туралы ақпарат беріледі: ● Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру жəне қалыпқа келтіру Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді жасау 1. Компьютерді сəтті орнатқаннан кейін HP қалпына келтіру дискісін жасаңыз. Бұл үрдіс барысында компьютердегі HP Recovery (НР қалпына келтіру) бөлімінің сақтық көшірмесі жасалады.
1. Бастау экранында восстановление (қалпына келтіру) деп жазып, одан кейін HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) пəрменін таңдаңыз. 2. Создать носитель для восстановления системы (Жүйені қалпына келтіру құралын жасау) пəрменін таңдаңыз, сөйтіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager көмегімен қалпына келтіру (61-бет) бөлімінен қараңыз. Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру Жүйені қалпына келтірудің бірнеше опциясы бар.
(əлем бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан да қарауға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager бағдарламалық құралы арқылы жеке мəліметтердің сақтық көшірмесі автоматты түрде жасалмайды. Қалпына келтіруге кіріспес бұрын, сақтағыңыз келетін кез келген жеке мəліметтеріңіздің сақтық көшірмесін жасаңыз.
3. Жүктелетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-дискісін таңдаңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
11 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Пайдалануға болатын -15 м мен 3 048 м арасында -50 фут пен 10 000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12 192 м арасында -50 мен 40000 фут арасында Жұмыс ортасы 65
12 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс Таңбалар/Сандар 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылы 33 А ағытпа, қуат 7 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 28, 30 Айнымалы ток адаптері 7 айнымалы ток адаптері, тексеру 44 айнымалы ток адаптерін тексеру 44 антенна, WLAN 8 астыңғы жағы 14 аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясы 6, 26 Ә əрекеттер пернелері алдыңғы жолшық немесе бөлім 38 Анықтама жəне қолдау 38 анықтау 12 дыбыс деңгейін арттыру 38 дыбысты өшіру 38 келесі жолшық немесе бөлім 38 ойнату, кідірту, жалғастыру 38 сым
кішірейтілген бейнені қалпына келтіру 62 Қ қалпына келтіру HP Recovery Manager 61 USB флэш картасы 62 Windows жүйесінің Файлдар журналы 61 дискілер 62 жүйе 61 қосу 62 құрал 62 мүмкіндіктер 61 НР жүйені қалпына келтіру құралы көмегімен 61 қауіпсіздік, сымсыз 19 қауіпсіздік кабелінің құлпы, орнату 54 қауіпсіздік кабелінің ұясы, анықтау 7 қоғамдық WLAN қосылымы 20 қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартулары, орнату 54 қуат батарея 42 қуат ағытпасы, анықтау 7 Қуат түймешігі, анықтауда 11 қуат шамдары, анықтау 6, 10
Ұ Ұйқылық күй қосу 40 шығу 40 ұялар аудио шығыс (құлақаспап) ұясы/аудио кіріс (микрофон) ұясы 6, 26 ұяшықтар жад картасын оқу құрылғысы 7, 26 қауіпсіздік кабелі 7 Ү үндеткіштер 13 анықтау 26 Ш шамдар caps lock 10 Айнымалы ток адаптері 7 дыбысты өшіру 10 қуат 6, 10 І ішкі микрофондар, анықтау 8, 25 Э электростатикалық разряд 66 B BIOS жаңарту 56 жаңартуды жүктеп алу 57 нұсқаны анықтау 56 Bluetooth жапсырмасы 14 Bluetooth құрылғысы 15, 23 C caps lock шамы, анықтау 10 F fn пернесі, анықтау файлдарды қалпы