Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2014 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron және Pentium – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгілері. Microsoft және Windows — Microsoft компаниялары тобының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетуге байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беткейге қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты заттың немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беткейдің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурациялық параметрлері (тек таңдаулы үлгілерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютердің таңдаулы үлгілері Intel ® Pentium ® N35xx сериялы немесе Celeron ® N28xx/N29xx сериялы процессормен және Windows ® амалдық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурациялық параметрлері (тек таңдаулы үлгілерде)
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ............................................................................................................................ 1 HP Apps Store дүкеніне өту ................................................................................................................ 1 Ең жақсы тәжірибе .............................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары .........................................
Бейнені пайдалану ............................................................................................................................ 23 Бейне құрылғыларын VGA кабелі арқылы қосу (таңдаулы үлгілерде ғана) ................ 23 Бейне құрылғыларын HDMI кабелі арқылы қосу (тек таңдаулы үлгілерде) ................ 24 HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін ............................................................... 25 Сандық дисплей құрылғыларын DisplayPort кабелі арқылы қосу (тек таңдаулы үлгілерде) .......
Қуат мәселелерін шешу ................................................................................................... 37 Компьютерді өшіру (сөндіру) ........................................................................................................... 38 7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету .............................................................................................. 39 Компьютер жұмысын жақсарту ...................................................................................
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру ......................................... 53 Қалпына келтіру құралы мен сақтық көшірмелер жасау ............................................................... 53 НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы үлгілерде) ................... 53 Windows құралдарын пайдалану ..................................................................................................... 55 Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру .............
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар және қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Қосымша HP ресурстары Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу Анықтама және қолдау орталығы ● Әдістер туралы ақпарат және ақаулықтарды жою бойынша кең ауқымды кеңестер Дүниежүзілік қолдау ● HP маманымен желіде сөйлесу Өз тіліңізде қолдау алу үшін, http://welcome.hp.
Ресурстар 2. Мазмұны Мой компьютер (Компьютерім), одан кейін Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз. Шектеулі кепілдік* ● Бұл компьютер туралы арнаулы кепілдік ақпараты Бұл құжатты ашу үшін: 1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз. – немесе – Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін басыңыз. 2.
2 Компьютермен танысу Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: 1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз. – немесе – Windows жұмыс үстелінен Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып Панель управления (Басқару тақтасын) таңдаңыз. 2.
Бөліктердің орнын анықтау Үлгісіне қарай, компьютердің келесі бөліктерінің кейбіреулері болуы мүмкін. Үлгіңізге сәйкес бөліктерді көру үшін компьютердің қорабында берілген Орнату нұсқаулары постерін қараңыз. Бөлік Сипаттама Айнымалы ток адаптерінің шамы ● Қосулы: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядтаулы. ● Өшірулі: компьютер батарея қуатымен жұмыс істеуде. – немесе – ● Ақ: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған және батарея 90%-ден 99%-ға дейін зарядталған.
Бөлік Сипаттама АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптарды, тығын тәріздес құлақаспапты немесе гарнитураны кимес бұрын дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Бұл құжатты ашу үшін: ▲ Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз.
Бөлік Сипаттама Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас әріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. DisplayPort Ажыратымдылығы жоғары монитор немесе проектор сияқты қосымша сандық көрсету құрылғысын жалғайды. Жалғау ұясы Қосымша қондыру құрылғысын жалғайды. esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
Бөлік Сипаттама Дыбысты өшіру шамы ▲ Картаны шыққанша басыңыз. ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы. num lock пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу функциясын және сандар функциясын атқарады. Oптикалық диск жетегі Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық дискті оқиды немесе оптикалық дискті оқып, оған жазады. ЕСКЕРТПЕ: Диск үйлесімділігі туралы ақпаратты Анықтама және қолдау веб-беттерінен қараңыз (Қосымша HP ресурстары (2-бет) тарауын қараңыз).
Бөлік Сипаттама ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. Оң жақ басқару аймағы Қосымша әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін таңбаланған аймақ. Оң жақ сенсорлы тақта түймесі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймесі сияқты жұмыс істейді. RJ-45 (желі) ұясы/күй шамдары Желілік кабелді қосады. Қауіпсіздік кабелінің ұясы ● Ақ: желі қосылған. ● Сары: Желіде әрекет орын алуда. Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
Бөлік Сипаттама USB 2.0 зарядтау (қуат берілетін) порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады. Барлық USB құрылғылары стандартты USB порттары арқылы зарядталмайды немесе зарядтау үшін төмен ток қолданылады. Кейбір USB құралғыларын зарядтау үшін оларды ток беретін портқа жалғау қажет. ЕСКЕРТПЕ: USB зарядтау порты арқылы компьютер өшірулі болса да, ұялы телефондардың және MP3 ойнатқыштардың кейбір үлгілерін зарядтауға болады. USB 2.
Бөлік Сипаттама Windows пернесі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. Сымсыз байланыс шамы Қосулы: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы және/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты кірістірілген сымсыз құрылғы қосулы. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады.
Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз. Әрекет пернелеріндегі белгішелер сол пернеге тағайындалған функцияны білдіреді. Әрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басып ұстап тұрыңыз. ЕСКЕРТУ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде сақ болыңыз. Қателер компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Әрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility (BIOS) құралында ажыратуға болады.
Белгіше Сипаттама Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады. ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет. Ұшу режимін және сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады. ЕСКЕРТПЕ: Ұшу режимі пернесі де сымсыз байланыс түймешігі деп саналады. ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Бөлік ● (3) Кепілдік күшінің мерзімі (4) Модель нөмірі (тек таңдаулы үлгілерде) Microsoft® аутентификация қуәлігі жапсырмасы (Windows 8 нұсқасынан бұрын шыққан таңдаулы үлгілерде) – Windows өнім кілтін қамтиды. Өнім кілті амалдық жүйені жаңарту немесе ақаулықтарын жою үшін қажет болуы мүмкін. Windows 8 немесе Windows 8.x жүйесі алдын ала орнатылған НР платформаларында жапсырма жоқ. Оның орнына сандық өнім кілті электрондық түрде орнатылған.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз байланыс түймесі Компьютерде сымсыз байланыс түймесі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және кейбір үлгілерде бір немесе екі сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта іске қосылады. Егер компьютерде сымсыз байланыс шамы болса, қосулы компьютердің сымсыз байланыс шамы (ақ) жанады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Сымсыз байланыс шамының түсі ақ болса, кемінде бір сымсыз құрылғы қосулы.
4. Тізімнен WLAN желісін таңдаңыз. 5. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз. Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу сұралады. Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, Далее (Келесі) түймешігін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP мобильді кең жолақты модулі компьютерге WLAN желілерімен салыстырғанда WWAN арқылы Интернетке көбірек орындардан және үлкенірек аймақтардан кіруге мүмкіндік береді. HP мобильді кең жолақты байланысы, көптеген жағдайларда ұялы байланыс операторы болып табылатын, (ұялы байланыс операторы деп аталатын) желі қызметінің провайдерін қажет етеді. НР мобильді кең жолақты желісінің қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен бірдей.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
Мәліметтер мен диск жетектерін ортақ пайдалану және бағдарламалық құралдарға қатынау Компьютер желінің бір бөлігі болып тұрғанда, тек компьютерде сақтаулы ақпаратты пайдаланумен шектеліп қалмайсыз. Желіге қосылған компьютерлерде бағдарламалық құралдар мен деректерді алмасуға болады. Файлдар, қалталар немесе дискілерді ортақ пайдалану туралы қосымша ақпаратты алу үшін Анықтама және қолдау бөлімін қараңыз.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, үндеткіштер, гарнитура, монитор, проектор, теледидар және таңдаулы үлгілерге жоғары ажыратымдылықты құрылғыларды жалғаңыз.
Құлақаспаптарды қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Осы құжатты ашу үшін, бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
Beats Audio қосу және өшіру ▲ Beats Audio функциясын қосу не өшіру үшін, fn пернесін b пернесімен бірге басыңыз. Бейнені пайдалану Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады. Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
● Кеңейтілген: Экрандағы сурет компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көрсетіледі. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру. f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді. ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз. Оформление и персонализация (Безендіру және даралау) пәрменін таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу) параметрін таңдаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы бірдей кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: Экрандағы сурет компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көрсетіледі. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
5 Экранда шарлау Бастау экранына жылдам қайту үшін пернетақтадағы Windows пернесін планшеттегі Windows түймешігін немесе басыңыз. Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● Түрту қимылдары ● Пернетақта мен қосымша тінтуір (бөлек сатылады) ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы USB тінтуірі (бөлек сатылады) компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғанады.
Екі саусақпен жылжу Екі саусақпен жылжу қимылын бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе жақтарға жылжу үшін пайдаланыңыз. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз. Екі саусақ көмегімен масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді.
Саусақты оң жақ жиектен жылжыту Саусақты оң жақ жиектен жылжыту қимылын іздеуге, бөлісуге, қолданбаларды іске қосуға, құрылғыларға қол жеткізуге немесе параметрлерді өзгертуге мүмкіндік беретін шебер түймелерді ашу үшін пайдаланыңыз. ● Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды сенсорлы тақтаның оң жақ жиегінен ішіне қарай жайлап сырғытыңыз. Саусақты сол жақ жиектен жылжыту Саусақты сол жақ жиектен жылжыту қимылын ашық тұрған қолданбаларды көрсетіп оларды жылдам ашу үшін пайдаланыңыз.
● Бағдарламаларды басқару опцияларын көрсету үшін саусақты үстіңгі немесе төменгі жиектен жайлап жылжытыңыз. Бір саусақпен сырғыту (сенсорлы экранда ғана) Саусақты сырғыту қимылын панорамалау, тізімдер мен беттерді айналдыру үшін немесе нысанды жылжыту үшін бір пайдаланыңыз. ● Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. ● Нысанды жылжыту мақсатымен сүйреу үшін, оны ұстап тұрыңыз да, қажет жерге жылжытыңыз.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды. Ұйқылық режимді және күту күйін қосу және одан шығу Windows жүйесінде қуатты үнемдеуге арналған ұйқы және күту күйлері бар. ● Ұйқылық режим – Ұйқылық режим әрекетсіз тұрғаннан кейін автоматты түрде қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқылық режимнен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады. Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы үлгілерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз. 1. Бастау экранында параметры питания (қуат параметрлері) сөздерін теріңіз, содан Параметры питания (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи пользователя (Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз. 5.
Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды. Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез бітетін болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз. Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды. Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез бітетін болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
3. Батареяны жоғарыға тартып (2), оны компьютерден шығарып алыңыз (3). Батарея ақпаратын табу Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін 1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз. – немесе – Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін басыңыз. 2. Аккумулятор и производительность (Батарея және жұмысы) опциясын таңдаңыз.
Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу Келесі құрылғылардың біреуін компьютер мен сыртқы қуат көзіне жалғаңыз. ● Айнымалы ток адаптері ● Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы ● НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз. Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу 1.
Айнымалы қуатпен жұмыс істеу Айнымалы ток көзіне қосу туралы ақпаратты компьютер қорабының ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз. Компьютер мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша қондыру/ұзарту құрылғысы арқылы сыртқы айнымалы қуат көзіне жалғанған кезде, компьютер батарея қуатын пайдаланбайды.
● Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр. ● Қуат шамдары өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері мен компьютер арасындағы және айнымалы ток адаптері мен розетка арасындағы қосылысты тексеріңіз. ● Байланыс дұрыс орнатылған, бірақ қуат шамдары сонда да өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері істемей тұр және оны ауыстыру қажет. Айнымалы ток адаптерінің алмастырылуы туралы ақпарат алу үшін, қолдау орталығына хабарласыңыз.
7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде жаңартуға кеңес береді. Жаңартулар мәселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін. Мысалы, ескі графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық құралдарымен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Ең соңғы диск нұсқасы болмаса, жабдықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмайсыз. HP бағдарламалары мен дискілерінің ең соңғы нұсқаларын жүктеп алу үшін, http://www.hp.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы компьютерді тазаламаңыз. 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. 3. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды компьютер беткейіне тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына әкелуі мүмкін.
◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. ◦ Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді компьютерден бөлек ұстаңыз. ● Ұшақпен саяхаттау кезінде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде тасымалдауға болмайды. ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің әсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар қауіпсіздік құрылғылары әуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады.
8 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS) құралы және басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден және зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: болмауы мүмкін.
Windows жүйесінде құпиясөздерді орнату Құпиясөз Қызмет Пайдаланушы құпиясөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды. Әкімші құпиясөзі Компьютер мазмұнына әкімші деңгейінде кіруді қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS) мазмұнына кіру мүмкін емес. Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату Құпиясөз Қызмет Әкімші құпия сөзі ● Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу қажет.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана таңдаулы үлгілерде) Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысының орналасқан жері туралы ақпаратты Бөліктердің орнын анықтау (5-бет) бөлімінен қараңыз.
Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек. Компьютеріңізде вирусқа қарсы бағдарлама алдын ала орнатылуы мүмкін. Компьютерді толығымен қорғау үшін вирусқа қарсы бағдарламаны таңдауыңызға қарай пайдалануға кеңес беріледі. Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты алу үшін, Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріңіз және HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
Сымсыз желіні қорғау Желіні рұқсатсыз кіруден қорғау үшін, WLAN жүйесін орнатқан немесе бар болған WLAN жүйесіне кірген кезде, әрқашан қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе кофеханалар және әуежайлар сияқты адам көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді.
9 Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау ЕСКЕРТУ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде сақ болыңыз.
System Information (Жүйе ақпараты) параметрін таңдаңыз немесе Setup Utility (BIOS) құралын пайдаланыңыз. 1. Setup Utility (BIOS) қолданбасын қосыңыз (Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау (48-бет) бөлімін қараңыз). 2. Main (Негізгі) тармағын түртіңіз және сіздің BIOS нұсқасы туралы жазбаны жасаңыз. 3. Exit (Шығу) тармағын, Exit Discarding Changes (Өзгертулерді сақтамай шығу) параметрін таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
1. Бастау экранына файл сөзін жазып, Проводник (Жетектеуші) опциясын таңдаңыз. – немесе – Windows жұмыс үстелінде Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Проводник (Жетектеуші) опциясын таңдаңыз. 2. Тағайындалған қатты дискіні екі рет нұқыңыз. Әдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты диск болып табылады. 3. Бұрын жазылған қатты дискіге жол бойынша жаңарту файлы орналасқан қатты дискідегі қалтаны тауып ашыңыз. 4. .
10 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасын USB құрылғысына жүктеудің екі опциясы бар: 1-опция: HP PC Diagnostics басты беті— соңғы UEFI нұсқасына қатынас береді 1. http://hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. 2. UEFI жүктеу сілтемесін басып, Іске қосу пәрменін таңдаңыз. 2-опция: Қолдау және драйверлер беттері – алдыңғы және кейінгі нұсқалар үшін белгілі бір өнім жүктеулерін береді. 1. http://www.hp.com веб-торабына өтіңіз. 2.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат үлгілердің көбі үшін стандартты процедура болып есептеледі. ● Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. ▲ Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз.
HP Recovery Manager – компьютер параметрлерін сәтті орнатқаннан кейін қалпына келтіру медиа құралын жасау жолын ұсынатын бағдарламалық құрал. HP Recovery құралын қатты диск бүлінген жағдайда жүйені қалпына келтіру үшін қолдануға болады. Жүйені қалпына келтіру бастапқы амалдық жүйені және зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады, одан кейін бағдарламалардың параметрлерін реттейді.
Windows құралдарын пайдалану Windows құралдары арқылы жүйені қалпына келтіру нүктелерін және жеке ақпаратыңыздың сақтық көшірмелерін жасауға болады. ЕСКЕРТПЕ: Егер сақтау орны 32 ГБайт немесе одан төмен болса, Microsoft жүйесін қалпына келтіру құралы әдепкі бойынша ажыратылған болады. ▲ Бастау экранына справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрменін таңдаңыз.
Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (56-бет) бөлімінен қараңыз. Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы үлгілерде) (53-бет) бөлімін қараңыз. ● Таңдаулы үлгілерде, компьютердің бастапқы зауыттық бөлімі мен мазмұнын қалпына келтіру керек болса немесе қатты диск ауыстырылса, HP қалпына келтіру медиа құралының зауыттық параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қолданылатын мүмкіндіктер қалпына келтіру процесін бастаған кезде көрсетіледі. ● Жүйені қалпына келтіру — Бастапқы амалдық жүйені қалпына келтіріп, зауытта орнатылған бағдарламалардың параметрлерін реттейді. ● Ықшамдалған кескіннен қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде) — Амалдық жүйені және барлық аппараттық құралдармен байланысты драйверлер мен бағдарламалық құралдарды қайта орнатады, бірақ басқа бағдарламалық құрал қолданбаларын орнатпайды.
Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту Егер компьютеріңіз HP Recovery Manager бағдарламасында қайта басаталмаса, компьютерді жүктеу ретін өзгерту қажет. Бұл – компьютер жүктеу ақпаратын іздейтін BIOS ішінде тізілген құрылғылардың реті. Оптикалық дискінің немесе USB флэш-дискісінің таңдалуын өзгертуге болады.
HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы үлгілерде) HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискіден орын босату үшін HP Recovery бөлімін жоюға мүмкіндік береді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery бөлімі жойылғаннан кейін, Windows жүйесінің жаңарту опциясын немесе бәрін жоып, Windows жүйесін қайта орнатуға арналған Windows мүмкіндігін пайдалануға болмайды. Сонымен қатар, жүйені қалпына келтіруге немесе ықшамдалған кескінді HP Recovery бөлімінен қалпына келтіруге болмайды.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12 192 м арасында -50 мен 40000 фут арасында Ең жоғары биіктік (қысымс
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 24, 25, 26 айнымалы ток адаптері, тексеру 37 айнымалы ток адаптерін тексеру 37 Айнымалы ток адаптерінің шамы, анықтау 5 ақпарат алу аппараттық құрал 4 бағдарламалық құрал 4 астыңғы жағы 14 аудио кіріс (микрофон), анықтау 5 аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 6 аудио шығыс (құлаққап), анықтау 5 Ә әрекеттер пернелері анықтау 5 11 Б бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 40 бағдарламалық құрал Дискіні дефрагментациялау құралы 39 Диск
И Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құрал, пайдалану 45 К компьютер, сапарға шығу 36 компьютерді қорғау 40 компьютерді өшіру 38 компьютерді сапарға алып шығу 14, 36, 41 компьютерді тазалау 40 компьютерді тасымалдау 41 компьютермен танысу 4 коннектор, қуат 8 корпоративтік WLAN қосылымы 16 Күту қосу 32 шығу 32 Күту режимі қосу 31 шығу 31 күтім бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 40 Дискіні дефрагментациялау құралы 39 Дискіні тазалау 39 кірістірілген сандық пернетақта, анықтау 7 кішірей
саусақты оң жақ жиектен жылжыту қимылы – сенсорлы тақта және сенсорлы экран қимылы 29 саусақты сол жақ жиектен жылжыту – сенсорлы тақта және сенсорлы экран қимылы 29 саусақты үстіңгі жиектен жылжыту және төменгі жиектерден жылжыту қимылы – сенсорлы тақта және сенсорлы экран қимылы 29 саусақ іздері, тіркеу 45 саусақ ізін оқу құрылғысы анықтау 7 пайдалану 45 Сенсорлы тақта пайдалану 27 Сенсорлы тақта, түймешіктер 7, 9 сенсорлы тақта аймағы, анықтау 9 Сенсорлы тақтадағы/сенсорлы экрандағы түрту қимылы 27 Сенсо
C caps lock шамы, анықтау SIM карта ұясы, анықтау 9 7 U USB 2.0 зарядтау (қуат берілетін) порты, анықтау 10 USB 2.0 порты, анықтау 10 USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін) порты, анықтау 10 USB 3.