User's Guide

Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз. Әрекет пернелеріндегі
белгішелер сол пернеге тағайындалған функцияны білдіреді.
Әрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басып ұстап тұрыңыз.
ЕСКЕРТУ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде сақ болыңыз. Қателер компьютердің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Әрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility (BIOS)
құралында ажыратуға болады. Қосымша мәлімет алу үшін «Справка и поддержка» (Анықтама
және қолдау) тармағын қараңыз.
Әрекет пернесі мүмкіндігін ажыратқаннан кейін әр функцияны іске қосу үшін, тиісті әрекет
пернесімен бірге
fn пернесін басыңыз.
Белгіше Сипаттама
Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен компьютер үшін
жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама және қолдау орталығын ашады.
Сонымен қатар, анықтама және қолдау орталығы ақаулықтарды автоматты түрде жою
құралдарын және қолдау көрсету орталығымен хабарласу үшін сілтемелер ұсынады.
Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде
көрсетіледі.
Фондық жарығы бар пернетақта (пернетақта жарықтандырғышы деп те аталады) функциясын
қосады немесе өшіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі алдыңғы бөлімді
ойнатады.
Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе ойнатуды
жалғастырады.
Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді
ойнатады.
Ықшам дискінің, DVD немесе BD дискісінің дыбыс немесе бейне ойнатуын тоқтатады.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады.
12
2-тарау Компьютермен танысу