User's Guide

Сымсыз байланыс түймесі
Компьютерде сымсыз байланыс түймесі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және кейбір
үлгілерде бір немесе екі сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың
барлығы зауытта іске қосылады. Егер компьютерде сымсыз байланыс шамы болса, қосулы
компьютердің сымсыз байланыс шамы (ақ) жанады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Сымсыз байланыс шамының түсі ақ болса, кемінде бір сымсыз құрылғы қосулы.
Сымсыз байланыс шамының түсі өшірулі болса, барлық сымсыз құрылғылар өшірулі.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде, барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс
шамы сары түсті болады.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін,
сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады.
Амалдық жүйе басқару элементтері
Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі
ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Windows жұмыс үстелінен Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып
Панель управления (Басқару тақтасын) таңдаңыз.
2. Сеть и Интернет (Желі және Интернет) пәрменінен кейін Центр управления сетями и
общим доступом (Желі және ортақтасу орталығы) тармақтарын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін «Справка и поддержка» (Анықтама және қолдау) бөлімін қараңыз.
Бастау экранына справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка
(Анықтама және қолдау) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін басыңыз.
WLAN желісіне қосылу
WLAN желісіне қосылу үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Таңдаулы үлгілерде, қосулы
құрылғының сымсыз байланыс шамы ақ түспен жанады. Сымсыз байланыс шамы сөніп
тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз
байланыс шамы сары түспен жанып тұрады.
2. Шебер түймелерді көрсету үшін бастау экранының немесе Windows жұмыс үстелінің
жоғары оң жақ немесе төменгі оң жақ бұрышына меңзерді жылжытыңыз.
3. Настройки (Параметрлер) түймесін басып, желі күйі белгішесін басыңыз.
16
3-тарау Желіге қосылу