User's Guide
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP мобильді кең жолақты модулі компьютерге WLAN желілерімен салыстырғанда WWAN
арқылы Интернетке көбірек орындардан және үлкенірек аймақтардан кіруге мүмкіндік береді.
HP мобильді кең жолақты байланысы, көптеген жағдайларда ұялы байланыс операторы болып
табылатын, (ұялы байланыс операторы деп аталатын) желі қызметінің провайдерін қажет
етеді. НР мобильді кең жолақты желісінің қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен
бірдей.
Мобильді желі операторы қызметімен бірге пайдаланғанда, НР мобильді кең жолақты модулі
жолда немесе Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінің қамту аясының сыртында болғанда Интернетке
қосылу, электрондық пошта хабарын жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкіндігін
береді.
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең
жолақты желі модулінің IMEI және/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін.Сериялық нөмір
компьютердің батарея орнындағы жапсырманың үстіне басылған
.
Кейбір ұялы байланыс операторлары абонентті анықтау модулін (SIM) пайдалануды талап
етеді. SIM картасында жеке идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат
сияқты жалпы ақпарат қамтылады. Кейбір компьютерлердің батарея ұясында SIM алдын ала
орнатылады. Егер SIM картасы алдын ала орнатылған болмаса, ол компьютермен бірге
берілетін
HP мобильді кең жолақты модулі құжаттарының ішінде берілуі мүмкін. Немесе ұялы
байланыс операторы оны компьютерден бөлек беруі мүмкін.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтерді алу үшін, компьютерге кірістірілген НР мобильді
кең жолақты модулінің құжаттарын қараңыз.
18
3-тарау Желіге қосылу










