User's Guide
Мәліметтер мен диск жетектерін ортақ пайдалану және
бағдарламалық құралдарға қатынау
Компьютер желінің бір бөлігі болып тұрғанда, тек компьютерде сақтаулы ақпаратты
пайдаланумен шектеліп қалмайсыз. Желіге қосылған компьютерлерде бағдарламалық құралдар
мен деректерді алмасуға болады.
Файлдар, қалталар немесе дискілерді ортақ пайдалану туралы қосымша ақпаратты алу үшін
Анықтама және қолдау бөлімін қараңыз
.
▲
Бастау экранына справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка
(Анықтама және қолдау) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: DVD фильмі немесе ойыны сияқты диск көшіруден қорғалған болса, оны бөлісу
мүмкін емес.
Медиа құралдары мен деректерді үйдегі топтық желі
арқылы ортақ пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Үйдегі топтық желіге қосылған құрылғылар арасында медиа құралдары мен деректерді ортақ
пайдалану үшін sMedio 360 бағдарламалық құралын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдаланыңыз.
sMedio 360 құралын пайдаланбас бұрын, компьютерлер мен мобильді құрылғылар бір үйдегі
топтық желіде болуы қажет және медиа құралдарын ортақ пайдалану мүмкіндігі қосылған
болуы тиіс.
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша құрылғыларда медиа құралдарын ортақ пайдалану мүмкіндігін қосу
туралы толық ақпаратты алу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын қараңыз.
1. Үйдегі топтық желінің параметрлерін орнату үшін:
▲
Бастау экранындағы sMedio 360 бағдарлама белгішесін басып, Tutorial (Оқулық)
тармағын таңдаңыз.
2. Компьютерде медиа құралдарын ортақ пайдалану мүмкіндігін қосу үшін:
а. Шебер түймелерді көрсету үшін бастау экранының немесе Windows жұмыс үстелінің
жоғары оң жақ немесе төменгі оң жақ бұрышына меңзерді жылжытыңыз
.
ә. Настройки (Параметрлер) түймесін басып, желі күйі белгішесін басыңыз.
б. Сіз қосылған желіні оң түймешікпен басып, ортақ пайдалану мүмкіндігіне құсбелгіні
қойыңыз.
20
3-тарау Желіге қосылу










