User's Guide

4
Көңіл көтеру мүмкіндіктерін
пайдалану
Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және
көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз.
Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, үндеткіштер,
гарнитура, монитор, проектор, теледидар және таңдаулы үлгілерге жоғары ажыратымдылықты
құрылғыларды жалғаңыз
.
Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Компьютердің кірістірілген веб-камерасы бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір
модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын
ұйымдастыруға болады.
Веб-камераны пайдалану үшін, Бастау экранынан камера сөзін жазыңыз, одан кейін
бағдарламалар тізімінен Камера тармағын таңдаңыз.
Веб-камераны қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, Справка и поддержка (Анықтама және
қолдау) бөліміне өтіңіз.
Бастау экранына справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка
(Анықтама және қолдау) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін басыңыз.
Дыбысты пайдалану
Компьютеріңізде немесе сыртқы оптикалық дискіні пайдаланатын кейбір үлгілерде музыка
ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның
ішінде радионы) тыңдауға, дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен
бейнені біріктіруге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар
сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына немесе аудио
шығыс
(құлақаспап) ұясына жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін, HDMI арқылы дыбысты реттеу
үшін (25-бет) бөлімін қараңыз. Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын
төмендетіңіз.
Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
21