User's Guide

Beats Audio қосу және өшіру
Beats Audio функциясын қосу не өшіру үшін, fn пернесін b пернесімен бірге басыңыз.
Бейнені пайдалану
Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге
қосылмаған компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік
беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор,
проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға
қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Бейне дерек мүмкіндіктерін пайдалану туралы ақпаратты алу үшін Анықтама және қолдау
бөлімін қараңыз.
Бейне құрылғыларын VGA кабелі арқылы қосу (таңдаулы үлгілерде
ғана
)
ЕСКЕРТПЕ: VGA бейне құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын VGA кабелі
қажет болады.
Презентация жасау мақсатында компьютер экранындағы кескінді сыртқы VGA мониторында
немесе проекторында көрсету үшін, мониторды не проекторды компьютердің VGA портына
жалғаңыз
.
1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте
көрсетілгендей жалғаңыз.
2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз:
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру
.
Бейнені пайдалану
23