User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса,
сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау экранынан
панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления
(Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз. Оформление и персонализация (Безендіру және
даралау
) пәрменін таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Экран
ажыратымдылығын реттеу) параметрін таңдаңыз.
HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне және дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз
бейне интерфейсі болып табылады
. HDMI теледидарын компьютерге жалғанғаннан кейін,
келесі қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін түртіп ұстап тұрыңыз,
одан кейін Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында сандық шығыс құрылғысының атын нұқыңыз.
3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін
басыңыз.
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін оң жақ түймешікпен
түртіп, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) пәрменін таңдаңыз.
2. Playback (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін
басыңыз.
Сандық дисплей құрылғыларын DisplayPort кабелі арқылы қосу (тек
таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТПЕ: Сандық дисплей құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын
DisplayPort (DP-DP) кабелі қажет болады.
DisplayPort арқылы жоғары сапалы монитор немесе проектор секілді қосымша сандық дисплей
құрылғылары қосылады
. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда DisplayPort өнімділігі
жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады.
1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз.
Бейнені пайдалану
25










