User's Guide
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы бірдей кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының
екеуінен де көру.
●
Кеңейтілген: Экрандағы сурет компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен
көрсетіледі.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса,
сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау экранынан
панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления
(Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз. Оформление и персонализация (Безендіру және
даралау
) пәрменін таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Экран
ажыратымдылығын реттеу) параметрін таңдаңыз.
Miracast технологиясымен үйлесімді сымсыз дисплейлерді қосу (тек
таңдаулы үлгілерде)
Miracast технологиясымен үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу үшін
төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Miracast ашу үшін
▲
Шебер түймелерді көрсету үшін Бастау экранының немесе Windows жұмыс үстелінің
жоғарғы оң жақ немесе төменгі оң жақ бұрышына меңзеңіз және Устройства (Құрылғылар)
түймесін нұқып, Проект (Жоба) пәрменін таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Таңдаулы үлгілерде Бастау экранындағы HP Quick Access to Miracast (Miracast
құрылғысына HP Quick кіру) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
26
4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану










