User's Guide
Екі саусақпен жылжу
Екі саусақпен жылжу қимылын бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе жақтарға
жылжу үшін пайдаланыңыз.
●
Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары,
төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
Екі саусақ көмегімен масштабтау
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе
үлкейтуге мүмкіндік береді.
●
Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың
арасын жақындатыңыз.
●
Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағына бірге қойып, олардың арасын
ашыңыз.
Екі саусақ көмегімен басу
Екі саусақпен пайдалану қимылын нысан үшін экрандағы мәзір ашу үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Екі саусақ көмегімен басу қимылы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс
істейді.
●
Таңдалған нысан үшін мәзір пәрмендерінің тізімін ашу мақсатымен сенсорлы тақта
аймағына екі саусақты қойып басыңыз.
28
5-тарау Экранда шарлау










