User's Guide

Бағдарламаларды басқару опцияларын көрсету үшін саусақты үстіңгі немесе төменгі
жиектен жайлап жылжытыңыз.
Бір саусақпен сырғыту (сенсорлы экранда ғана)
Саусақты сырғыту қимылын панорамалау, тізімдер мен беттерді айналдыру үшін немесе
нысанды жылжыту үшін бір пайдаланыңыз.
Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы
қалаған бағытқа жылжытыңыз.
Нысанды жылжыту мақсатымен сүйреу үшін, оны ұстап тұрыңыз да, қажет жерге
жылжытыңыз
.
Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдалану
Пернетақта және қосымша сыртқы тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға және
сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты ұқсас функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қосымша ақпаратты Компьютермен танысу (4-бет) бөлімінен қараңыз.
КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі немесе планшеттегі Windows түймешігі
ашық бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға
мүмкіндік береді. Алдыңғы экранға оралу үшін пернені немесе түймешікті басыңыз.
30
5-тарау Экранда шарлау