User's Guide
6
Қуат басқару
Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер
компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат
көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды.
Ұйқылық режимді және күту күйін қосу және одан
шығу
Windows жүйесінде қуатты үнемдеуге арналған ұйқы және күту күйлері бар.
●
Ұйқылық режим – Ұйқылық режим әрекетсіз тұрғаннан кейін автоматты түрде қосылады.
Жұмысыңыз жадқа сақталып, жұмысыңызды әрі қарай жылдам жалғастыруға мүмкіндік
береді. Сондай-ақ, ұйқы күйін қолмен де қосуға болады. Қосымша ақпаратты Ұйқы күйін
қолмен бастау және шығу (31-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Күту күйі – күту күйі батарея өте төмен заряд деңгейіне жеткенде автоматты қосылады.
Күту күйінде жұмыс күту файлына сақталып, компьютер өшіріледі. Күту күйін қолмен де
қосуға болады
. Қосымша ақпаратты Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы
үлгілерде) (32-бет) бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалуы қаупін азайту үшін, дискіден не
сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқылық режимді немесе күту күйін
қоспаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, желіге қосылудың
кез келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Ұйқы күйін қолмен бастау және шығу
Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйін бастауға болады:
●
Дисплейді жабыңыз.
●
Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының немесе Windows жұмыс
үстелінің жоғары не төменгі оң жақ бұрышына жылжытыңыз. Параметры (Параметрлер),
одан кейін Питание (Қуат) белгішесін таңдаңыз және Спящий (Ұйқы күйі) параметрін
басыңыз
.
Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйінен шығуға болады:
●
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
●
Егер компьютер сөніп тұрса, дисплейді көтеріңіз.
●
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
●
Сенсорлы тақтаны түртіңіз немесе саусақпен үстінен жүргізіп өтіңіз.
Компьютер ұйқы режимінен шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экран көрсетіледі.
Ұйқылық режимді және күту күйін қосу және одан шығу
31










