User's Guide
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия
сөзді өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи
пользователя (Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын
таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін
жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану
Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне
жылдам кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
●
Батарея зарядының қалған деңгейін және ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін,
тінтуір меңзерін қуат өлшегіш белгішесінің үстіне орналастырыңыз.
●
Қуат параметрлерін пайдалану үшін, қуат көрсеткіші белгішесін басып, тізімнен бір
тармақты таңдаңыз. Бастау экранында параметры питания сөздерін теріңіз, содан
Параметры питания (қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
Әртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы
қуатпен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Тінтуір меңзерін белгішенің үстіне орналастыру
арқылы заряд төмен деңгейіне немесе заряд өте төмен деңгейіне жеткенде
, белгіше хабар
шығарады.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
Зарядталған батарея компьютерде болғанда және компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған кезде,
компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Компьютер өшірулі кезде және сыртқы қуат
көзінен ажыратылған жағдайда компьютердің ішіндегі батареяның заряды баяу түрде азаяды.
Заряд төмен немесе өте төмен деңгейге жеткенде, компьютердегі батарея белгішесі хабар
береді
.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады.
Зауытта пломбаланған батарея (тек таңдаулы үлгілерде)
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батарея заряды тұрмайтын болса, HP Support Assistant
бағдарламасының ішіндегі Battery Check (Батареяны тексеру) утилитасын іске қосыңыз.
1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын
таңдаңыз.
– немесе –
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін басыңыз.
2. Аккумулятор и производительность (Батарея және жұмысы) опциясын таңдаңыз. Егер
батареяны ауыстыру керектігі Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы
анықталған болса, НР қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану
33










