User's Guide
Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды.
Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез
бітетін болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды.
Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез
бітетін болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз. Батареяны пайдалану мерзімі аяқталғанда,
оны жалпы үй қалдықтарымен бірге қоқысқа тастамаңыз. Батареяны қоқысқа тастау кезінде,
жергілікті заңдарды және аймағыңызда қолданылатын ережелерді орындаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батарея (тек таңдаулы үлгілерде)
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ықтимал қауіпсіздік мәселелерін азайту үшін, компьютермен бірге берілген
пайдаланушы ауыстыратын батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе
HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын пайдаланушы арқылы
ауыстырылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың
жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтаңыз немесе
компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз.
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны шығарып алу үшін (тек таңдаулы үлгілерде),
компьютерге сәйкес қадамдар мен суретті қараңыз:
1. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
3. Батареяны компьютерден (2) шығарып алыңыз.
– немесе –
1. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
34
6-тарау Қуат басқару










