User's Guide
Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
Келесі құрылғылардың біреуін компьютер мен сыртқы қуат көзіне жалғаңыз.
●
Айнымалы ток адаптері
●
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
●
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу
1. Пайдаланушымен ауыстырылатын заряды таусылған батареяны зарядталған батареямен
ауыстырыңыз немесе айнымалы ток адаптерін компьютерге және сыртқы қуат көзіне
қосыңыз.
2. Қуат түймешігін басып күту күйінен шығыңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада
сақтамаңыз.
Компьютеріңіз екі аптадан астам пайдаланылмайтын және сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын
болса, қызмет мерзімін арттыру үшін батареяны шығарып алып, салқын және құрғақ жерде
бөлек сақтаңыз
.
Сақталған батареяны әрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен
болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны қоқысқа тастау (тек таңдаулы
үлгілерде)
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйіп қалу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектемеңіз,
бұзбаңыз немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға
тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық
,
қауіпсіздік және қоршаған орта
ескертулері бөлімінен қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
▲
Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын
таңдаңыз
.
– немесе –
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін басыңыз.
36
6-тарау Қуат басқару










