User's Guide

Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана
таңдаулы үлгілерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысының орналасқан жері туралы
ақпаратты Бөліктердің орнын анықтау (5-бет) бөлімінен қараңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушының есептік жазбасы
мен құпия сөзді орнатып, содан соң HP SimplePass бағдарламалық құралын пайдаланып бір
немесе бірнеше саусақ ізін тіркеңіз.
HP SimplePass бағдарламалық құралы көмегімен саусақ ізін тіркеу үшін, келесі әрекеттерді
орындаңыз:
1. HP SimplePass бағдарламасын ашу үшін, саусақ ізі сенсорында бір саусақпен жүргізіп
өтіңіз.
– немесе –
Бастау экранында simple (жалпы) деп жазып, одан кейін HP SimplePass пәрменін
таңдаңыз.
2. HP SimplePass сәлемдесу экраны ашылғанда, Get Started (Жұмысты бастау) опциясын
басыңыз.
3. HP SimplePass бағдарламасы оң сұқ саусағыңызды сенсордан өткізуіңізді ұсынады.
4. Тіркелуді аяқтау үшін, саусағыңызбен 3 рет жүргізіп өтіңіз.
Тіркеу сәтті аяқталса, суретте көрсетілгендей, тиісті саусақ жасыл түсті шеңбермен
көрсетіледі.
5. Қосымша саусақ іздерін тіркеу үшін, 1 мен 4 аралығындағы қадамдарды қайталаңыз.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
бағдарламалық құралын пайдалану
Компьютерді электрондық пошта жіберу, желіге немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған
кезде компьютерлік вирустар
, тыншық бағдарламалар және басқа да онлайн қауіп-қатерлер
компьютеріңізге түсуі мүмкін. Компьютеріңізді қорғау үшін вирусқа қарсы мүмкіндігі және
желіаралық қалқаны бар Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралының
сынақ нұсқасы компьютерде алдын ала орнатылған болуы мүмкін. Жаңа пайда болған
вирустардан және басқа қауіпсіздік қатерлерінен уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін
вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек. Компьютерді толығымен қорғау үшін
қауіпсіздік бағдарламалық құралының сынақ нұсқасын толық нұсқаға дейін жаңарту немесе
таңдауыңыз бойынша бағдарламалық құралды сатып алу ұсынылады.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютер вирустары утилиталарды, бағдарламаларды немесе амалдық жүйені өшіріп,
олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал
вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе олардың келтірген зиян салдарын
шешеді.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана таңдаулы үлгілерде)
45